» » Жиһаз жасауды жандандырған

Жиһаз жасауды жандандырған

qarmaqshy-tany.kz Ақай ауылында бірнеше кәсіпкер күріш таяқшасын, дәнекерлеу, сән салоны мен шаштараз, нан, кондитер өнімдерін өндіруге талап қылса, басқа да кәсіп иелері салалар бойынша сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындар тарапынан үлкен қолдау табуда.

Сондай азаматтың бірі – ауыл тумасы Мерейбек Кенжебаев.
Ол жиһаз жинау ісін бірнеше жылдан бері өміріне серік етіп келе жатқан азамат. Алдымен өз үйінің көне жиһаздарын жаңалаумен бастаған ол араға жылдар салып, көршікөлем, ауылдастарының үйінде жарамсыз болып қалған шкаф, ас үй гарнитуры мен басқа да ағаштан жасалған жиһаздарын жөндеп, оларды жаңа кейіпке ендіріп беріп отырған.
«Қолы қысқаның жолы да қысқа» дегендей, жас ұстаның еңбекке деген ниеті артқанымен, арнайы құрылғылардың болмауынан ол қатты қиналады. Жұмысы жүрмейді, көптеген мақсаттары орындалмай, жолы бөгеледі. Десе де, Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарын, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету арқылы тұрақты жұмыспен қамтудағы мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ұлттық жобасы кейіпкерімізге үміт сыйлады.
Осы ретте, жобадан өз үлесін алуда Мерейбек ауылдық әкімшілік мамандарының көмектесуімен «Жиһаз ісі» жобасы бойынша қайтарымсыз грант жеңіп алды.
Бүгінде ол ауыл орталығынан жиһаз жинайтын заман талабына сай цех ашып, тұтынушыларына сапалы қызмет көрсетуде.
– Мен бұл кәсіппен біраз жылдан бері айналысып келемін. Алдында тапсырыстарды үйде қабылдасам, бүгінде ауыл әкімдігінің қолдауымен мемлекеттен жұмыссыз жүрген адамдарға арналған қайтарымсыз грантты жеңіп алып, оған арнайы құрылғылар сатып алдым. Алған қаржыма қолым жетпей жүрген біршама құрал-сайман сатып алып, жұмысым ілгері жылжуда. Тапсырыстар көп. Ауылдан, Төретам кенті мен Байқоңыр қаласынан адамдар келіп, түрлі бұйымдарға тапсырыс беріп жатады. Әрине, біз тұтынушы талабын сапалы, әрі уақытылы орындауға жұмыс жасаудамыз. Бағлан, Батырбек есімді екі шеберді тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Оларды өз ісінің шеберлері деп атасақ та болады. Әрқайсысының өз дизайны бар. Әрбір істеген бұйымдарына түрлі кескіндер салып, тапсырыс берушілерді таң қалдырып отырады. Әрине өздері елестетіп көрмеген әсем жиһазға ие болғандар риза болып кетіп, кейде солардың ұсынысымен бізге «Сіздердің пәленшенің үйіне істеп берген жиһазыңызды көріп, соған қызығып келіп отырмыз. Бізге мекен-жайыңызды сол кісілер беріп, сіздерге баруымызға кеңес беріп жіберген соң келіп тұрмыз» деп азаматтар тапсырыстарын беріп жатады. Бұл біз үшін зор құрмет және жұмысымыздың алға басатынына үлкен сенім береді. Әзірге цехымыз шағын болып тұр. Десе де тапсырыстар өте көп. Әсіресе, дүкен сөрелеріне, стиллажға, мектеп парталары мен үстелдерге де тапсырыс алып тұрамыз, – дейді жиһазшы.

«Елге еткен еңбек еленер» дегендей, Мерейбек өзінің ерінбей еткен еңбегінің арқасында бүгінде ел құрметіне бөленіп отырған ауыл азаматтарының бірі. Ол тек еңбекте ғана емес, отбасында да ардақты жан. Жары Жанатпен ұл-қыз өсіріп, олардың қоғамнан өз орнын сайлап алуына үлкен еңбек сіңіруде.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
16 тамыз 2023 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031