» » Департамент басшысы жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына келді

Департамент басшысы жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына келді

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Жәрдемұлы Қармақшы ауданында іссапармен болып, мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Кездесуге аудан әкімі Жандос Еркінбек, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жиында департамент басшысы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бойынша бірнеше нақты ұсыныстарын білдіріп, пайымды пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, аудан бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі жоғары екендігін жеткізіп, сала мамандарының жүйелі жұмыстарын атап өтті.

Аудан әкімі өз кезегінде Қармақшы ауданына арнайы келіп, мемлекеттік қызметшілермен жүздесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген департамент басшысына ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Одан кейін, департамент басшысы аудандық жастар ресурстық орталығында белсенді жастармен кездесу өткізді. Оларға мемлекеттік қызмет атқарудың маңыздылығы мен мемлекеттік қызметке орналасу ережелерін түсіндірді.

Ресми кездесулерден кейін департамент басшысы белсенді жастармен үстел теннисін ойнап, олардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды пайдалану бағытындағы жұмыстардың жайымен танысты.

Сондай-ақ, іссапар соңында аудан әкімдігінде азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, олардың мәселелерін мұқият тыңдап, нақты жауаптарын берді.
21 шілде 2023 ж. 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 386

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031