» » Департамент басшылары ауданда

Департамент басшылары ауданда


Бейсенбі күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бо­йынша департаментінің басшысы Рафхат Бисенов пен Қызылорда облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов жұмыс сапарымен ауданға келді. Сапар аясында департамент басшылары қоғамдық кеңестің кезекті отырысына қатысты. Отырысты қоғамдық кеңестің төрағасы Гүлжауһар Раева жүргізді.
Жиынға аудан әкімі Қайрат Нұртай, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат, аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің, аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы (персоналды басқару) бөлімінің және аудандық дербес бөлімдер мен мекемелер басшылары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысында қаралатын негізгі мәселе бойынша аудан әкімі аппара­тының басшысы Айбол Нұров «2021 жылдың 9 айының қорытындысымен аудан бойын­ша жергілікті атқарушы органдармен көр­сетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың жайы» туралы хабарлама жасады. Баяндамадан соң, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Төлеуғалиұлы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру мақсатында бірлесе жұмыс істеуге шақырып, туындаған мәселелерді уәкілетті органдармен бірге талқылайтынын жеткізді. Ал облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Қалды­көзұлы салық жүйесіндегі оң өзгерістер, циф­рландыруға байланысты қолға алынған оңтайлы бағдарламалар жөнінде сөз қозғады. Қоғамдық отырыс­ты қорытындылаған аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы келген қонақтарға сапалы ақпарат үшін алғысын білдіріп, айтылған ұсыныстарды алдағы уақытта басшылыққа алатынын айтты. Күн тәртібінде қаралған мәселеге сәйкес хаттама рәсімделіп, қарар қабылданды.
Мұнан кейін, департамент басшылары «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Түрлі сала мамандары қабылдауға келіп, өздерін мазалаған сұрақтардың жауабын алды.
Әрі қарай, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде орналасқан «Сервистік әкімдік», аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының аудандық бөлімшелерін аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныс­ты.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
09 қазан 2021 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031