» » Құрметке лайық

Құрметке лайық

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Құрметке лайық» жобасын бастады.
26 желтоқсан - Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік қызмет заңнамасының қабылданғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған жобаның мақсаты - мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шығатын қызметшілерге құрмет көрсетіп, оларға алғыс білдіру.
Жоба аясында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисенов зейнеткерлікке шыққан мемлекеттік қызметшілерді қабылдап, мемлекеттік қызметтегі адал да абыройлы ұзақ жылғы еңбектеріне алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.
Аймағымызда алғаш рет қолға алынған «Құрметке лайық» жобасының алғашқы марапатталушылары:
- Қайнарбаева Светлана - облыстық қазынашылық департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек өтілі 25 жыл;
- Ибрашова Қазына - облыстық прокуратураның бас маманы, еңбек өтілі 41 жыл.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызмет зейнеткерлері көрсетілген құрметке ризашылықтарын айтып, игі бастамаға сәттілік тіледі.
«Құрметке лайық» жобасы алдағы уақытта да жалғасын табады.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
28 желтоқсан 2020 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 273

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 370

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930