» » Жаңа нысанның іргесі қаланды

Жаңа нысанның іргесі қаланды

qarmaqshy-tany.kz Қазақ «Кәсіп бар жерде береке бар» дейді. Қолға алған кәсіп берекеге айналып, нәтижесін беру үшін көп еңбек етіп, тер төгу қажет. Сонда ғана шаруа шатқаяқтамай шыңдалады . Оған дәлел, ауданымызда жеке кәсіпкер Нағима Тоқсанбаева 2013 жылы «Адина» шағын киімкешек дүкенін ашып, кәсібін бастаған-ды. Бүгінде кәсібі кеңейіп, оның осы атаумен бірнеше сауда орталығы халыққа сапалы қызмет көрсетуде.
Биыл да шаруасын тағы үлкейтіп, аудан экономикасын дамыту мақсатында кәсіпкер жаңа ауқымды істі қолға алды. Ол кезінде Жосалы кент тұрғындарына қызмет көрсеткен «Таңсықбай» базарын сатып алып, орнына заман талабына сай, екі қабатты «Адина» сауда үйінің құрылысын бастады. Осы ретте, аудан ардагерлері мен кәсіпкер ағалардың қатысуымен жаңа нысанның іргетасын қалау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, «ҚармақшыДаму» аудандық кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмасбек Қаржаубаев және аудандық «Невада-Семей» ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Сағымбаев қатысып кәсіпкерді жаңа бастамасымен құттықтап, ғимараттың алғашқы іргетасын қалады.

– Жыл өткен сайын еліміз өркендеп, бас қаламыз көркейсе, сол секілді ауданымызда да жаңа нысандар бой көтеріп, кентіміз жаңа кейіпке енуде. Бұрын теміржолдың асханасы болып, кейін базарға айналған орын, бұдан да ерекше өзгеруде. Ауданға белгілі кәсіпкер Нағима Тиышбекқызы үлкен тәуекелге барып, туған жері үшін игілікті істі бастап отыр. Сондықтан бұл жердің өзіндік үлкен тарихы бар. Халық осында сауда жасап, несібесін тапқан. Алдағы уақытта жаңа ғимарат халық көп жиналатын сауда орнына айналсын деп тілеймін, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков.

Кәсіпкер жобаны өз қаражатына салса, қосымша «Өңірлік инвестиция орталығынан» несие алып отыр. Сауда үйінің қойма, дәмхана, наубайханасы бар, маусымдық киімдер мен тұрмыстық заттар сатуға жоспарланып отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта мұнда 20 адам жұмыспен қамтылмақ.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ

15 шілде 2023 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930