» » Ақ домбыра қолға алып...

Ақ домбыра қолға алып...

Алтайдан Ақтеңізге дейінгі аралықты қоныстанған түркі халықтарына ортақ мәдени, әдеби, тарихи құндылықтар өте көп. Соның бірі – қазақтың ұлттық аспабы домбыра. Екі ішекті, тоғыз пернелі аспаптың тарихын тым тереңнен тарқататын дерек-дәйектер жетерлік. 1986 жылы көне домбыраның суреті қашалған тас табылған. Ғалымдар зерттей келе жер бетіндегі ішекті музыкалық аспаптардың арғы атасы – қазақтың қара домбырасы деп топшылаған. Сол уақытта домбырада ойналатын жеті мыңнан астам күй болса, бүгінде екі мыңдайы ғана айналымда жүр.

Ұлттық аспапты дәріптеуде қазақжұрты аянып жатқан жоқ. Мерекелік күнтізбеге Ұлттық домбыра күнін енгізіп, жер-жерде атап өтуде.Соның бір дәлелі аудандық К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде «Ақ домбыра қолға алып» атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев қатысып, жиналған жұртты атаулы күнмен құттықтады.


– Қазақ халқына ұлттық домбыра тек музыкалық аспап қана емес, еліміз үшін салт-дәстүріміз, тарихымыз, асыл мұрамыз екені белгілі. Киелі домбырамыз арқылы Сыр елі – жыр елі атанып, жыршы-жарауларымыз көпке танылды. Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Балқы Базар, Тұрмағамбет, жеті атасынан жыраулық өнер үзілмеген Жиенбай жыраулар ұлттық аспабымызды қолынан тастамай, Қармақшыны жүз жыраудың елі атануына себеп болды. Сондай-ақ еліміздің түпкір-түпкірінен шығып жатқан танымал әнші, өнерпаздар домбыраны әлемдік деңгейге көтеруде. Мереке баршамызға құтты болсын, ұлттық аспабымыздың абыройы арта берсін, – деді ол.


 Іс-шарада Сыр сүлейлерінің мұрагерлері, жыршы-жыраулар  Әйгерім Ешбаева, Балтабай Бедебаев, Алмат Азаматов, Руслан Өтегенов және Әлішер Мырзағалиев жырдан шашу шашты. Мұнан соң кеш Ұлттық домбыра күнімен Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған «Көңіл толқыны» атты күйшілер фестиваліне жалғасты. Өнерпаздар атақты күйшілердің күйін екі ішекте күмбірлете тартып, тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.


Жиын соңында фестивальге қатысқан өнер майталмандары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.


Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
04 шілде 2023 ж. 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031