» » Кенттің келбетті саябағы

Кенттің келбетті саябағы

"Ана мен бала" деп аталатын бұл саябақтың іргетасы 2005 жылы қаланған. Сол уақытта Қармақшы ауданының әкімі болған Рзақұл Сәденұлының бастамасымен қолға алынған енді. Өмірге ұрпақ әкеліп, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген барша аналардың құрметіне арнайы ескерткіш жасалынып, кенттің орталығына орналастырған болатын.

Жосалы кентінің әкімшілігі ескерткіш орналасқан аймаққа көшеттер отырғызып, оны күтіп-баптап, бүгінде үлкен саябаққа айналдырды. Ал, 2020 жылы тозығы жетіп тұрған саябақты заманауи келбетте қайта абаттандырып, түнгі жарықпен безендіріп, саябаққа арналған орындықтар қойып, тас төсеніштер төсеп, көгал мен гүлзарлар жасалды.
Ескерткіштің мағынасына сай халық бұл жерді «Ана мен бала» саябағы деп атап кеткен. «Жұмақтың кілті Ананың табанының астында» демекші, Ананың құдіретін барынан биік көретін қазақтың азаматтары баршылық. Сондай азаматтардың алдыңғы қатарында жүрген Нұртаев Рзақұл ағамыз өзінің бастамасымен, өзінің қаржысымен ыссылы-суық ауа-райынан әрі кетіп, өңі тозып тұрған ескерткішті 2020 жылы жарқырата әрлеп, маңайына жаңадан граниттен төсеніштер төсетіп, «Ана мен бала» ескерткішіне екінші мәрте өмір сыйлады. Бұл - баланың анаға деген шексіз құрметі. Қазір бұл аймақ кент тұрғындарының керемет демалас орынына айналды. Туған жерінің қара тасын алтынға теңеген, рухы биік азаматтар аман болсын!
04 шілде 2023 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031