» » Мүмкіндіктер мекені

Мүмкіндіктер мекені

Мерей Бөгенбаев, әскери қызметкер:
– Мен мұнда әскери қызметкермін. Астанада тұрып жатқаныма 3 жылдан асты. Алматыда 4 жыл жоғары білім алдым. Алайда қызмет жолым елордамен тікелей         байланысты. Осында бір жылдай қызмет атқарған соң, қармақшылық арумен шаңырақ көтердім. Одан кейін Алла аманат етіп сәби сыйлады. Былтыр өзіміздің пәтерімізді алдық. Осындай жақсы жаңалықтарымның куәсі – Астана. Мұнда бір еркіндік бар. Биік деңгейлі орта, тілеулес жандар. Сонымен қатар, өте әдемі шаһар. Сәл болмасаң, мүлде танымай қаласың. Биік нысандар пайда бола кетеді. Күн санап көркейіп жатыр.


Елордамыз Астана – жастардың қаласы дер едім. Жүздеген, мыңдаған жас осылай қарай ағылып жатыр. Олардың армандары алдамайтынына сенемін. Өйткені, Астана – зор мүмкін­діктер мекені. Себебі біздің де армандарымыз орындалып келеді. Бұл үлкен қалада үнемі қайнаған тіршілік, айналаңда жанталасып-жағаласып жүрген бір адам, яғни бәсекелестік өте жоғары, ал бәсекелестік бар жерде ғана алға жылжуға, дамуға мүмкіндік бар. Мұнда жаныңа не керектің бәрі бар және оның артықшылықтарын көре білу және оны мүмкіндік ретінде пайдалана білу – әр адамның өз қолында. Қазаққа құт мекен бол, Астана!
 
04 шілде 2023 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031