» » Бақытты сәттеріміздің куәсі

Бақытты сәттеріміздің куәсі

Гүлсім Мұқаметәлиқызы, Астана қаласының тұрғыны:
Мен  ауданға қарасты қазіргі Ақтөбе ауылының тумасымын. №109 мектептің 1996 жылғы түлегімін. Мектепті аяқтаған соң, Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Ұлттық университетке оқуға түсіп, «Инженер-метеоролог бакалавры», «Экология магистрі» дәрежесін алдым. Магистратурадан соң Х.Досмұхамедов атындағы университетте ұстаздық қызметте, одан соң Алматыда Экология және ғылыми зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып еңбек еттім. 2009 жылы Астанаға қоныс аударып, қызметімді әрі қарай да өз мамандығыммен жалғастырудамын. Астана – болашақтың қаласы. Алға қойған мақсаттар мен тың идеяларды жүзеге асыруда елордамызға көшіп келдік. Бүгінгі таңда Экология және Табиғи ресурстар министрлігі, Ұлттық гидрометеорология саласында басқарма бастығы болып қызмет етемін. Еңбек жолымда Түркия, Испания, Ресей, Жапония елдерінде біліктіліктен өтіп, қызметіме өз үлесімді қосып келемін.
Отбасылымын, жолдасым Бауыржан да осы Қармақшы өңірінің тумасы. Ләйлә, Нұрәлі атты ұл-қыздардың ата-анасымыз. Жолдасым Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, Шекара қызметінде еңбек етеді.


Қызымыз Ләйлә Алматыда, ұлымыз Нұрәлі Астанада дүниеге келген. Елордамыз Астана – менің сүйікті қалам. Сарыарқаның төрінен орын алған Астана – бақытты сәттеріміздің куәсі болған жарқын қала. Сондықтан да біз Астананы жақсы көреміз.
04 шілде 2023 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930