» » Астана – жастардың қаласы

Астана – жастардың қаласы

Ақниет Қиналбаева, студент:
– Қазіргі таңда мен елордамыздағы Астана медициналық университетінің «жалпы медицина» факультетінде мемлекеттік грантпен білім алудамын. Көбісі Астанада оқимын десем, ауа райы жайлы сұрақтарды көп қояды. Мен Жосалымен салыстырғанда аса айырмашылықты байқамадым. Мұнда қызықты, заманауи көптеген жаңа нысандар бар. Әртүрлі ғимараттар мен гүлденген әсем көшелерге тез үйренісіп кетуге болады. Астанаға келушілердің басым көпшілігі секілді мен де білім алуға және қызмет етуге келдім. Осы салада жүргеннен кейін, медицина бағыты туралы айтар болсам, қалада өзгелермен салыстырғанда біршама артықшылықтар бар. Емхана мен аурухана саны көп. Жаңа құрылғылар тұрғындарға қызмет көрсетуге жеңілдік туғызады. Оқу жылы аяқталғанда біз университет көмегімен қалада халыққа көмек беру және алған білімімізді  іс жүзінде дәлелдеу мақсатында емханаларға тәжірибе жасауға барып тұрамыз. Жастардың білім алуына да қолайлы жағдай жасалған. Сабақтарымыз ерекше форматта өтеді. Онымен қоса қызықты зерттеулер жүргіземіз. Қала жыл сайын көркею үстінде. Астананы болашағы жарқын қала ретінде, осында оқуға түсуді мақсат еткен едім. Түстім де. Оған еш өкінген емеспін. Болашақта білікті кардиолог болғым келеді. Астана мен үшін жастардың, дамудың, әсемдіктің, болашақтың қаласы. Отанымның астанасы Астананы ештеңеге теңгермеймін,  думаны мол студенттік шақтың, жалынды жастықтың ордасы әрдайым жүрегімнің түкпірінде сақталмақ.
04 шілде 2023 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930