» » Астанада «Болашақ келбеті» көрмесі ашылды

Астанада «Болашақ келбеті» көрмесі ашылды

Осы тақырып бойынша Риддер әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты Мемлекет басшысы Өскемендегі роботтандырылған хирургия орталығына барды KASE қорытындысы: $1 = 341,31 теңге Павлодар облысында мерекелер керуені жүріп жатыр Елімізде газ электронды биржа арқылы сатылады Енді бір аптадан кейін елорданың Арқаға көшкеніне жиырма жыл толады. Қала қазір мерейтойға дайындық көруде. Мысалы, Тұңғыш-Елбасы кітапханасында Астана қаласының 20 жылдығына арналған көрме ашылды. Мұнда мұрағаттағы құнды құжаттардың түпнұсқасын көпшілік назарына Президент архиві ұсынды. Келушілер бас шаһардың құрылысы, тарихи шешім қабылданған сәт, басты нысандардың ашылуы және Президенттің салтанатты жиындағы сөйлеген сөздерінің нұсқасын көре алады. Көрменің Астанадағы Мемлекет басшысының алғашқы резиденциясында орналасуының мәні зор. Дәл осы жерде елорда құрылысының бас жоспары қабылданды. Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы да осында жазылды. Мұнда Мемлекет басшысы қолжазбаларының барлығы дерлік сақтаулы тұр. Күләш Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары: - Осы көрмеге келушілер әр кездегі болған оқиғаларды дәлелдейтін біздің Елбасымыздың, жапон премьер-министрінің бір-біріне жолдаған хаттарын көре аламыз. Бұл жерде Елбасының қолы қойылған сәулетшінің жеңімпаз атанғанын өз қолымен жазған Нұрсұлтан Әбішұлы. Көрме ұйымдастырушылары Астананың тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер мен тарихи суреттерді ұсынып отыр. Мұнда Жоғарғы кеңестің қаулысынан бастап, Елбасының өз қолымен түзету енгізген жазбалар бар. Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Менің есімде қалғаны бірінші құрылыс компаниялары Алматыдан, Қарағандыдан келіп, жаңадан іргетастарды салып, құрылысты бастап жатқан кезі. Астана шындығында локоматив болды. Біздің Астанамызда мынадай жоба болған. «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» деген. Сол жоба іске асты. Гүлденген Астана гүлденген Қазақстанға алып келді. Мұндағы әрбір экспонат Астана тарихынан сыр шертеді. Көрменің бір бөлігі ЭКСПО кезінде Елбасына шетелдік меймандар тарту еткен сый-сияпаттарға арналған. Қала тұрғындары мен қонақтары оларды 12 тамызға дейін тамашалай алады.

28 маусым 2018 ж. 1 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031