» » Ресейде Астананың 20 жылдығына арналған фотокөрме өтіп жатыр

Ресейде Астананың 20 жылдығына арналған фотокөрме өтіп жатыр

Осы тақырып бойынша KASE-нің таңғы сессиясы: $1 = 338,88 теңге Алматылық түлек ҰБТ-дан 140 балл алды Қазгидромет: Қазақстанның батысында ауа температурасы 40 градустан асады Шығысқазақстандықтар Алакөлге пойызбен қатынайтын болды Ақтөбе облысында шағын несиелендіруге 5 млрд теңге бөлінеді «Астана – ұлы даланың інжу-маржаны» атты фотокөрме Ресейдің Астрахань қаласында көпшілік назарына ұсынылды. Еуразияның кіндік қаласына айналған ару қала туралы фотошежіре ресейліктердің қызығушылығын туғызғаны анық. Тарих үшін қас-қағым сәтте қатардағы облыс орталығынан алып шаһарға айналған Астана бүгінде ұлттық мақтанышымызға айналды. Фотокөрмемен астраханьдықтар облыстық тарихи өлкетану музейінде танысуда. 1838 жылы іргетасы қаланған бұл ғимарат көне Астраханьдағы ең көне тарихи жәдігерлердің қатарына жатады. Астананың алтын тәжі сынды айбарлы Ақорда, қайталанбас сәулеттік шешімі жөнінен жер жүзіне танымал, Орта Азияда баламасы жоқ ғимарат «Хан шатыр», ел тәуелсіздігінің шынайы бейнесіне айналған «Бәйтерек» пен әлемдегі ынтымақ пен татулықтың тал бесігіндей «Келісім» сарайы. Фотокөрмедегі әр сурет жас қаланың қарышты қадамы мен сәулет өнерінің қайталанбас үлгілерін көпшілікке паш етті. Елена Забирник, қала тұрғыны: - Сөз жоқ керемет! Әр ғимарат сәулеттік жаңа шешім жөнінен бір-бірін толықтырып тұрғандай әсер қалдырады екен. Маған «Хан шатырдың» кескіні өте ұнады. Жолым түссе міндетті түрде барып тамашалайтын боламын. Көрмеге Елбасы қоры мен Қазақстанның Астраханьдағы консулдығы айрықша қолдау көрсеткен. «Мақсат – елорданың мерейін көтеру арқылы Қазақстанның аз жылда қол жеткізген жетістіктерін алыс-жақын шетелдерге таныстыру», – дейді шараны ұйымдастырушылар. Әлия Қайшарова, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директорының кеңесшісі: - Басқа мемлекеттер білсін. Астанамыздың жарқырап тұрғанын әлем біледі. Өте таң қалады Астанамыздың қандай дәрежеге жеткенін көріп. Астананың 20 жылдығына арналған көшпелі фотокөрмені тамашалауға келгендердің қарасы қалың. Салтанатты шараны ашқан Астрахань губерниясының басшылығы қазақстандықтарды Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, елордаға жылы лебізін арнады. Александр Жилкин, облыс губернаторы: - Астана қазір Еуразияның кіндік қаласына айналып үлгерді. Президент Нұрсұлтан Әбішұлының төл перзенті саналатын елорда осы заманғы озық ой мен технологияның жемісі екені анық. Әсіресе қаланың кіре берісіндегі «Астрахань» ауданы біздің көңілімізге жылылық пен мақтаныш ұялатады. Себебі ол бізді Қазақстанмен байланыстыратын тағы бір алтын көпір деп білемін. Астрахань облысында 150 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Еліміздің батыс шекарасында үш облыспен шектесіп жатқан аймақ – Қазақстанның тарихи-мәдени және экономикалық тұрғыдағы тұрақты әріптесі. Демек елорда мерейтойына астраханьдықтардың бейжай қарамауы заңды. Оған осы көрме барысында көз жеткіздік. Бұған дейін Ресейдің Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларында болған көшпелі көрме Астраханьда екі апта аялдап, Қазан қаласына бет алады.

26 маусым 2018 ж. 1 036 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031