» » «Есірткісіз аймақ» іс-шарасы жүргізілуде

«Есірткісіз аймақ» іс-шарасы жүргізілуде

qarmaqshy-tany.kz Аудан прокуратурасымен қадағалау аумағында қылмыстық ахуал мен профилактикалық ісшаралардың тиімділігін арттыру бағытында «Есірткісіз аймақ» жобасының іс-шара жоспары орындалуда

Аталған жоба аясында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, құқық бұзушылық профилактикасының әрбір субъектісі құзыреттілік шегінде тиісті жұмыстар атқаруда. Апта сайын топ мүшелерінің қатысуымен мәжіліс өткізіліп, атқарылған жұмыстар нәтижесі талқыланып, алдағы жұмыстар бойынша тиісті тапсырмалар берілуде.

Жұмысшы топ екі бағытқа бөлініп (Қарақұм, Қызылқұм), аудан аумағының картасы бойынша ұңғыма құдықтар (скважина) мен шеген құдықтарға, бұрын есірткі алқаптары анықталған жерлер және тағы басқа тәуекелі жоғары аймақтарға аралау жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Қармақшы аграрлытехникалық колледж студенттерімен және аудан орталығында орналасқан мектептің жоғары сынып оқушыларымен есірткінің зияны, синтетикалық есірткінің таралуы және нашақорлық проблемалары туралы бейнедәрістерді көрсете отырып кездесулер ұйымдастырылды.

Тиісті мамандардың қатысуымен мұндай дәрістер өткізу барлық мектепте жалғасуда.

Қадағалау аумағында есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмысы үшін сотты болған және есірткі құралдарын пайдалану тәуекелі жоғары есептегі тұлғалармен апта сайын кездесулер жүргізіліп, олардың жүріс-тұрысы мен тұрмыстық жағдайы бақылауға алынған.

Есірткінің заңсыз айналымы туралы кез келген ақпаратты прокуратураның Telegram каналына QR код арқылы жолдау жөнінде парақшалар адамдар көп шоғырланатын орындарға ілініп, әлеуметтік желілерге жариялануда.

Сонымен қатар «102» жедел желісіне немесе (872437) 2-11-89, 2-16- 76, 2-10-02, 2-19-31, 2-20-54, 8707-424- 36-59 телефон нөмірлеріне қоңырау шалу мүмкіндігі қарастырылған.

Қазіргі уақытта «Есірткісіз аймақ» іс-шаралар жоспары аясында құрылған жұмысшы топтармен аудан аумағында тиісті жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.

Сондықтан, құрметті аудан тұрғындары, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмауға бағытталған шараларға, келешек ұрпақтарымыздың өмірі мен болашағына бей-жай қарамай, аталған жоба аясында белсенділік танытуға шақырамыз.
Қармақшы аудандық прокуратурасы
19 маусым 2023 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031