» » Аудан басшысы бірқатар нысандарды аралады

Аудан басшысы бірқатар нысандарды аралады

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан ардагерлерімен және тиісті сала басшыларымен бірге Жосалы кенті орталығындағы бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен аудан басшысы «Сұлтан», «Эльдорадо» сауда үйіндегі азық-түлік бағасын бағамдады. Сала басшысына бағаның негізсіз өсуін болдырмауды және халық тұтынатын бірінші қажеттіліктегі өнімдерінің бағасы мен сапасына тұрақты бақылау жүргізуді тапсырды.

Одан соң биыл бастау алған ауқымды кәсіпкерлік жобалардың бірі «Адина» сауда орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоба бастамашысы Н. Тоқсанбаева аудан әкіміне құрылыс барысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Айта кетейік аталған жоба «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген пайыздық үстемемен 50,0 млн теңге несиемен қаржыландырылған.

Мұнан кейін аудан басшысы құрылысы жүріп жатқан «АНК-Дәулет» ЖШС газоблок өндіретін шағын зауытына барды. Құрылыс басында Серіктестік басшысы Д. Қанатбаевпен пікірлесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Аталған жобаны іске асыруға «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген пайыздық үстемемен 60,0 млн теңге несие берілген.
05 маусым 2023 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 372
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728