Бұрымды ару

qarmaqshy-tany.kz Әрбір перзент “Тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала-жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай түрлі қырымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «Ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «Елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.

Бұл – Шұғыла Жандосқызы. Ол Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің 4-сыныбын тәмамдап, бесінші сыныпқа аяқ басты. Бұрымды қыз өзіне ұзын шаштың ұнайтынын айтады.

– Анам үнемі «Қыздың көркі – шаш» деп айтып отырады. Қазір шашымды өзім күтуді үйреніп жүрмін. Сыныбымда да шашы ұзын қыздар көп. Шашымды өріп, шашбау таққан өзіме де ұнайды. Әрі ұзын шаш нәзіктікті, ибалылықты білдіреді. Болашақта бұрымды, тәрбиелі, өнерлі қазақ қызы деген атқа лайық болсам деймін. Ал мамандыққа келсем, ақ халатты дәрігер немесе стюардесса болуды армандаймын, – дейді бұрымды ару.

Шұғыла мектептің үздің оқушыларының қатарында. Түрлі іс-шараға қатысуда да белсенділік танытады. Сонымен қатар Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінде домбырадан дәріс алады. Қазақтың қасиетті қара домбырасымен күмбірлете күй шертеп, құйқылжытып ән де айтады.

– Қызым зерек. Қандай тапсырма берсең де, тыңғылықты орындайды. Биыл домбыраға қатысқанына екінші жыл болса да, конкурстарға қатысып, жүлделі оралып жүр. Музыка өнеріне деген қызығушылығы ерекше. Өнерге құмарлығы нағашыларына тартқан. Шашын 3 жасынан бастап өсіріп келемін. Жиі әдемі етіп өріп қоямын. Себебі өрілген шаш жинақылықты, тазалықты білдіреді. Қазақы нақыштағы әшекейлер тағынып, ұлттық киім кигенді ұнатады, – дейді анасы Айжан.

Шұғыламен әңгімелесе келе оны тартымды ететін бұрымы ғана емес, өзінің әдебі, әдемі өнері, нәзік қалпы екен. Ал бұрымы көркінің үстіне көрік қосып тұр. Әрбір қазақ қызы Шұғыладай бұрымды, ибалы, инабатты, өнерлі болсын
А.Сәкенқызы
30 мамыр 2023 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031