» » БҰРЫМ – СҰЛУЛЫҚ ТУРАЛЫ БІР ҰҒЫМ

БҰРЫМ – СҰЛУЛЫҚ ТУРАЛЫ БІР ҰҒЫМ

Мамандығымыз тілші болған соң әртүрлі жиналыста жүреміз, кейде түрлі сала маманымен әңгіме дүкен  құрамыз. Сондай әңгіменің бірінде бір көкеміз бұрымыма қарап «Қызым-ау, өрілген бұрымыңа тәнті болып отырмын, анамды есіме түсірдің. Оның да шашы сенікіндей ұзын болатын. Қазіргі таңда шашы ұзын қыздар азайып барады ғой, қалқам, деп күрсінді.
Шашымды қимай өсіріп жүруімнің де өз себебі бар-ды. Біріншіден, қыз бала анасына қарап үлгі алады емес пе? Анамның да шашы ұзын, сол себепті біздің шаштың келте болғанын қаламайды. Екіншіден, мектепті бітіріп, алып шаһар Алматыға оқуға барарымда анам «шашыңды әзір қысқартпа. Кейін көре жатарсың. Кезінде біз оқуға кеткенде қыздардың тең жартысы  ауылға қысқа шашпен келіп сөз болған. Ақылың бар ғой, бәрін өзің таразылап аларсың, – деген еді. Анамның осы бір әңгімесінен кейін бе шаш қиюға деген көзқарасым да өзгерді. 
Қазақ «шашыңды қиғаның – бағыңды қиғаның» деп жатады.
Қыз бұрымын қиса, қиылған шашпен бірге оның нәзіктігі де, биязылығы да қоса кесіледі деп тұжырымдаған.  Осы орайда шаштың киесі туралы не білеміз?  Қолаң шашты орынсыз кесу үлкен қасіретке ұшыратуы мүмкін деген пайым бар. «Шашты кез келген жерге тастамайды, құс іліп әкетсе, бас ауырады» дегенді сіз де естіген боларсыз. Ғалымдар осы тыйымның астарында ақиқаттың жатқанын анықтады. Адам шашы ғарыш энергиясын қабылдайтын «антенна» екен. Демек, шаш өзін қоршаған ортамен хабар алмасады. Сондықтан түскен шашты жерге тастамай, жинау керек. Мұнымен қоса шаштың күш жинағыш қасиетке ие екенін білесіз бе?! Қытайдың әскери өнерді меңгерген батырлары туралы көркем фильмдерінде өздерінің биоэнергиясын басқара алатын монахтар барлық күш қуатын бұрымдарына жинап, оны қару ретінде қолданған. Ал бізде ше?
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріппе ең мұндай түрін? – деп Абай атамыз да қазақтың нағыз сұлуларын жырға қоспап па еді? Міне, қазақ қызы осындай еді. Иә,  бүгінде адам өзгерді ме, заман өзгерді ме, кім білсін?! Әйтеуір қазақ баласының өзгеріп бара жатқаны рас.
Ертеректе бұрымды қызға қоңыраулы шолпы тағу арқылы оның артық, оғаш қимыл жасамауына да жіті мән бердік. Шашбаудың сыңғырына қарап-ақ қыздың жеке қасиеттерін өзінше бағамдай білдік. Мәселен, шашбаудың сыңғыры жиі, қатты шықса ұшқалақ, сумаң қылықты қыз болғаны, ал ақырын ғана сыңғырласа бұрымды қыздың мінезі биязы, сабырлы, нәзік екенін білдіреді. Сондықтан бойжеткен шашқа тағылған күміс шашбауын шамасы жеткенше сылдырлатпай жүруші еді. Ал қазір ше? Шашбау, шолпыны былай қоялық. Бұрым дейміз-ау. Бұл тек аты ғана. Затының жоғалғаны қашан?! Бұрымдылардың өзі ұзын шашын жайып жіберіп кең көшелерде көсіліп жүр емес пе? Кешегі қазақ қоғамындағы әйел заты үшін ең үлкен жаза бұрымды кесу болған. Бұл сол кездегі әйел үшін өліммен пара-пар еді.  Осыған қарап-ақ бұрымның бағасын өзіңіз бағамдай беріңіз.
Бұрым қазақ ұлтына біткен бір ұғым.  Бабаларымыз  бұрым – сұлулықтың сәні деп қыздың шашын кеспей керісінше, оны бойжеткеннің тобығына дейін жеткізе өсіруді дәріптеді емес пе? Сүмбілдей төгілген бұрымды қыздың орнын шашын түрлі-түске бояған,  бұйралаған, иыққа дейін қиқалаған жандар әйел затының  табиғатындағы сұлулықтың белгісі саналатын бұрым  екенін естен шығармаса дейміз. 
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
14 наурыз 2019 ж. 2 824 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031