» » ЖЕТІМДЕР ЖЫЛАМАСЫН

ЖЕТІМДЕР ЖЫЛАМАСЫН

Жетімдер үйі. Аида бүгін алғаш рет жетімдер үйіне жұмысқа келді. Әрине, өзінің қалауымен емес. Күн-көріс қамы үшін жұмыс істеп, ақша табу үшін орналасты.
Қазіргі сәтте оның отбасындағы қаржылық жағдай мәз емес. Сондықтан ол ата-анасына масыл болғысы келмей, осы жұмысты істеуге мәжбүр.
Аида жұмыстың алғашқы күнінде бастықтың бұйрығымен тәрбиелену­­шілер­мен танысып көрмекке балалар бөлмесінің есігін ашқанда онда ойнап отырған балалар лезде тынышталып, есікке қарап қалды. Сол сәтте Аида бірінің жүзінде қуаныш пен күлкі үйіріліп, бірінің жанары мұңлы екенін байқады. Аида тәуекелге бел буып, кішкентай періштелермен танысуға беттеді.
– Сәлем, сары қыз! – деген Аида ерекше көрінген, шашы өрілген сары қызбен танысқысы келді.
– Сәлеметсіз бе! Сіз менің анамсыз ба?, –деп бес жас шамасындағы сары қыз Аидаға жымия қарады.
Аида сары қыз қойған сұраққа түсінбей, сасқалақтап, ыңғайсыз сезімде қалды. Осы сәтте өзге балалардың қасынан тәрбиеші апай жылдам келіп:
– Әлия қызым, бұл сенің анаң емес. Бұл бізге жаңадан келген тәрбиеші апай. Танысып қой, есімі – Аида, – деді.
Сол сәтте Әлия:
– Апай, кешірім сұраймын. Мен жай... Сіз менің анама қатты ұқсайды екенсіз. Сол үшін сұрағаным ғой, – деді де, өзге балалардың арасына қосылып кетті.
Әлиядан мұндай сөздерді күтпеген Аида таңданысын жасыра алмай, қасындағы тәрбиешіге:
– Кешіріңіз, ол қыз не үшін былай деді? – Мен оны алғаш рет көріп тұрмын ғой. Оның маған «Менің анама қатты ұқсайды екенсіз» дегені қатты таңғалдырды. Сонда бұл кішкентай қыз өзінің анасының түрін көрген бе?
Тәрбиеші балаларды мұңлы көзімен бір шолып, күрсінді де:
– Ол қыздың есімі – Әлия. Бұл жердегі балалардың барлығы да мұнда кішкентай, естерін білмейтін жасында келген. Олардың ешқайсысының да ойында аналарының бейнесі жоқ. Тек өздері көрген түс пен қиялының арқасында ата-анасының кескін-келбетін суреттеп, күтумен болады. Әлия осылайша сені түсінде көрген әйелмен шатастырып алса керек. Сен оны көңіліңе алма, – деді тәрбиеші.
Арада ай өтті. Аида бастапқы кездегідей емес, бүгінде балалармен жақын қарым-қатынаста. Жұмысына бір күн келмесе, кішкентай балапандарды сағынады. Бірде балаларды аулаға серуенге шығарған Аида бөлмеге қайта кіргенде терезеге қарап отырған Әлияны көріп, аяғын ақырын баса қатты ойға беріліп кеткен сәбидің қасына жайғасады.
Аиданың қасына келгенін енді байқаған Әлия орнынан тұрып, көзінен шыққан мөлдір жасын нәзік қолмен сүртіп, Аидаға «Неге келдіңіз?» дегендей, таңдана әрі сұраулы жүзбен қарады. Әлияның жылап отырғанын енді ғана байқаған Аида: – Әлия, саған не болды? Неге жылайсың? Басқа балалардың бәрі де далада ойнап жүр. Сен неге бұл жерде отырсың? – дейді.
– Жәй. Әкем мен анамды ойлап отырмын.
Аида Әлияның бұл сөзіне не деп жауап берерін білмеді. Арада үнсіздік орын алды. Үнсіздікті Әлия бұзды: – Апай, көрдіңіз бе, кеше Асанды ата-анасы алып кетті. Ол маған үнемі «Менің ата-анам жұмыстарын аяқтаған соң алып кетеді. Мен оларды күтемін», – деп әрдайым осы терезенің алдында отыратын еді. Шынымен де кеше оны ата-анасы алып кетті. Мен де бүгіннен бастап осы терезенің алдында отырып, әкем мен анамды күтетін боламын. Олар да мені жұмысы біткен соң үйге алып кететін шығар, – деп мұңлы жүзімен қайтадан терезеге қарап отырып алды.
Осы әңгімеден кейін Аида басшысынан Әлия мен оның ата-анасы жайлы білу мақсатында мағлұмат сұрады.
Зерттей келе білді, Әлияның ата-анасы мен ағасы Әлия бір жастан енді асқан шағында жол апатынан қайтыс болыпты. Ал, туыстары Әлияны асырап алудан бас тартыпты. Міне, содан бері Әлияның балалар үйінде тәрбиеленіп жатқанына алты жылдан асыпты. Аида болған жайттың барлығын анасына баяндап берген соң Әлияны асырап алғысы келетінін айтады.
Әрине, ата-анасы Аиданың бұл ұсынысына бірден келіспесе де, қызының бақыты үшін өз рұқсатын береді. Дегенмен, тұрмысқа шықпаған бойжеткенге бала асырап алуға болмайтынын естіп, екі жыл бойы көңіл жарастырып жүрген жігітіне барлығын айтып береді. Жігіті де Аида үшін бәріне дайын екенін айтып, ұсынысқа қарсы емесін білдіреді.
Осылайша екі айдан соң Ринат пен Аида шаңырақ көтеріп, көп ұзамай Әлияны асырап алады. Бүгінде Ринат пен Аиданың Әлиядан бөлек бір қызы мен екі ұлы бар. Олар – өте бақытты отбасы.

Жания ТӨРЕБЕКОВА,
№107 орта мектеп.
21 ақпан 2019 ж. 1 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031