» » Ауылдағы шағын наубайхана

Ауылдағы шағын наубайхана

qarmaqshy-tany.kz Бүгінде ауданымыздағы кәсіпкерлікке бет бұрған тұрғындарға қайтарымсыз грант негізіндегі қаржылар, жеңілдетілген несиелер бөлу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Адалдық пен ерінбей еңбек етуді мақсат еткендер шағын кәсіптен-ақ көктеп, көгеріп отыр. Соның бірі – Қармақшы ауылының тұрғыны Айнұр Алшынбай.
Ол «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша Бастау бизнес курсын оқып, қайтарымсыз шағын несие – 525 200 теңге көлемінде қаражат алады. Оған үй жағдайында қажетті құрал-жабдықтарын алып, ауылға пайда тигізетін шағын наубайхана ашады. Содан бері шағын кәсібін дөңгелетіп, ауыл тұрғындарын тәтті нанмен қуантып отыр.
Айнұр Бақтиярқызы – Түркістан облысының тумасы. Алматы қаласында инженер-технолог мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда Қармақшы ауылдық округінің келіні атанып, 3 бала тәрбиелеп отырған жас ана.

– Мемлекет басшысы әрдайым өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет деген ойға басымдық береді. Сол себепті де түрлі бағдарлама қолға алынып, қарапайым жанның кәсіпкер атануына, ал кәсіпкердің өз ісін одан әрі үлкейтуіне жағдай жасалуда. Сондықтан халық қолда бар мүмкіндіктен айырылып қалмай, қажетіне жарата білсе деймін, – дейді кәсіп иесі.

Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының 75 пайызы осы шағын наубайхананың тұрақты тұтынушысы. Сонымен қатар тәтті торттар, самса мен түрлі бәліштер пісіріп, тапсырыс қабылдайды. Ол бүгінде өз тұтынушыларын таба білген білікті жас кәсіпкерлердің қатарында.

– Қазақта «Ас атасы – нан» деген даналық бар, яғни астың үлкені – нан. Дастарқанда нан тұрмаса көңіліңіз де, дастарқаныңыз да ортайып, берекесі кетіп тұрғандай басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиетін осыдан-ақ байқайсыз. Қонаққа келген адам тіпті асығыс болса да өзге тамақтан емес, міндетті түрде наннан ауыз тиген. Үйдегі ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығаяды, яғни наннан ауыз тиген адам сол үйге жақсылық тілейді. Тәтті пісіруді бұрыннан жақсы көремін. Қазір үйренуге деген ниет болса, әлеуметтік желіде кәсіптің түр-түрі бар. Тегін сабақтар да жетерлік. Қазір дайындап жүрген тәттілерімді өзім инстаграмнан үйрендім. Тәтті пісіру шыдамдылықты, ыждаһаттылықты талап етеді. Тәжірибе жинақталған соң, ісің де алға басады, – дейді Айнұр Бақтиярқызы.

Наубайхана өнімдері тұтынушы тарапынан жоғары бағалануда. Тұрақты тапсырыс беретін тұрғындармен қоса сұраныс саны күннен-күнге көбеюде. Ең бастысы, дайындалған өнім сөреде тұрып қалмайды. Ал баға – қолжетімді, сапа – көңілге қонымды. Кәсіп қылған адам қашанда жетістікке, мақсатына жетеді. Оны көзімізбен көріп келеміз. Ебін тауып әрекет етсеңіз, кәсіпті дөңгелетіп әкетуге болады. Әркім тек өзіне ыңғайлы, бейіміне қарай еңбек етсе болғаны.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
23 мамыр 2023 ж. 478 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 291

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 386

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930