» » Шаттық ұясына ширек ғасыр

Шаттық ұясына ширек ғасыр

qarmaqshy-tany.kz Балабақша – тәрбиенің бастауы. Мұнда табалдырық аттаған әр бүлдіршіннің ертеңіне деген нық сенім орнап, жүректерінде патриоттық сезім жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін, білім мен тәрбие беретін орта саналады. Баланың болашақ тұлға, өз елінің патриот азаматы ретіндегі қасиеті, оның негізі мектепке дейін-ақ қаланады. Осындай жауапкершілігі мол істі алып келе жатқан кенттегі балабақшаның бірі — №3 «Ертөстік» бөбекжай-бақшасы.
Балабақша тарихына көз жүгіртер болсақ, 1998 жылы 1 наурызда 75 орындық, 3 топ болып ашылған. Кейін 2017 жылы жобалық қуаттылығы 90 орындық 5 топ болып типтік үлгіде екі қабаттық жаңа ғимаратқа көшіріледі.

Қазіргі таңда бөбекжай-бақшада 16 – педагог, 26 – техникалық қызметкер жұмыс істейді. Педагогтардың – 12-сі жоғары білімді, 4-і арнаулы орта білімді. Педагог сарапшы – 1, педагог модератор – 8, ІІ санат бойынша – 2 педагог.

Балабақшада «Күншуақ» мектепалды тобы, «Ақкөгершін» ересек тобы, «Қызғалдақ» және «Балапан» ортаңғы топтары және «Балбөбек» кіші тобымен 5 топ жұмыс жасайды. «Күншуақ» тобында –20, «Ақкөгершін» ересек тобында – 20, «Қызғалдақ» ортаңғы тобында – 20, «Балапан» ортаңғы тобында – 15, «Балбөбек» кіші тобында – 15, барлығы 90 бала тәрбиеленуде.

Мұнда әр топтың өзіне сай түрлі үйірмелері де бар. Айталық, «Күншуақ» тобында «Абай оқулары», «Ақкөгершін» тобында «Жас суретшілер», «Қызғалдақ» және «Балапан» топтарында «Ертегілер елінде» үйірмесі жүргізіледі.

Балабақша – балалардың тәрбие-білім алып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруға, белсенді дамуына жағдай туғызатын орта. Осыған сәй¬кес балаларға тәрбие мен білім беруде әдіскер-психолог, 10 тәрбиеші, музыка жетекшісі, хореограф, логопед, дене тәрбиесі нұсқаушысы мамандары қызмет етеді. Балаларға тәрбие мен білім беруде жаңа технологияларды, заманауи әдістерді енгізу, оларды тиімді қолдану, педагогтың күнделікті шығармашылық ізденімпаз жұмысы. Бөбекжай-бақшада «Үздік педагог» педагогтардың білімін, ізденісін, шығармашылығын дамыту мақсатында жыл сайын балабақшаішілік байқау өткізіліп отырады.

Балабақшаға Айткүл Әбжалиева меңгерушілік етеді. Ол ұзақ жылдан бері өлшеусіз еңбек етіп, талай маманға тәлімгер болған жан.
Қоғамға қай кезде де қолынан іс келетін, алысты болжайтын, сөзі мен ісі қабысып жататын басшы қажет. Ел игілігіне бағытталар кез келген шаруаның ұйытқысы болу, ұжымдағы мамандардың білек сыбана, бірлесе, жұмыла іс атқаруы да осындай басшыға байланысты. Сонда ғана ұжым ұйымшылдықта, бірлікте жұмыс істейді. Білікті басшы бөбекжайдың әр мүшесінің қабілет-қарымын дәл біліп, бағамдай алады. Шеберлік деңгейіне жету жолында балабақша басшысы қаншама тер төкті. Ол 2006 жылдан бастап осы балабақшаға меңгерушілік етіп келеді.

Бөбекжай-бақша тәрбиешілері Ұшыға Рахатова, Айгүл Қорабаева, Нұргүл Ұзақбаева, Ақмарал Тоқтарова, Ботагөз Сыздықова күннің екінші жартысында жүргізілетін инновациялық жұмыс түрлерімен таныстырады. Музыкант Нұризат Жалғасбаеваның жасақтаған ансамблі кішкентайларды ұлттық аспаптарды тануға машықтандырса, хореограф Айгерім Жанғабылова би өнеріне баулып келеді. Ал логопед Айгерім Үсенбаева болса бөбектердің дұрыс сөйлеуіне ден қояды.

Бөбекжай педагогтары ата-аналармен бірігіп, бүлдіршіндерді Қорқыт ата кешеніне, этнопаркке, музей, жыраулар үйі, балалар кітапханасы, саябақтарға, шаштараз, мектептерге саяхат жасайды. Ерекше білім беруді қажет ететін бүлдіршіндерді қолдау мақсатында бөбекжай-бақша қызметкерлері мен бүлдіршіндері «Аңсаған» ерекше балаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шығармашылық іс-шараларды жиі өткізіп отырады. Сонымен қатар, жас мамандарды, жас ата-аналарды, сүйемелдеу, іс-шараларға белсене араласуға тарту мақсатында «Жастар ресурстық» орталығымен кездесулер ұйымдастырылады.

Балалардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында ән және би үйірмелері жүргізіледі және республикалық, облыстық, аудандық «Үркер», «Бозторғай», «Патриоттық әндер», тағы басқа түрлі шығармашылық байқауда бүлдіршіндер өнер көрсетіп, теледидар, баспасөз беттерінде жарияланып, марапат төрінен көрініп жүр. Бүлдіршіндердің шығармашылығын шыңдау мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Жаса, жайна Қазақстаным» атты шығармашылық кеш өткізіліп отырады. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру, дәріптеуде «Асық ату» үйірмесі жұмыс істейді. Мұнымен қоса бөбекжай-бақшада «Ертегі әлемінде» түрлі театрландырылған үйірмесі бар.
Бақшада «Игілік» қамқоршылық кеңесі құрылған. Балаларды балабақшаға тарту мақсатында ата-аналарға консультациялық пункт бар. Олар апта сайын бақшаға келіп балалармен түрлі сайысқа, ертеңгілікке қатысып, психологпен тренингтер жүргізеді.

Әр үйдің үміті болған кішкентай қоғам иелерін жан-жақты ақыл, парасаты мол, ұқыпты, ұстамды, мейірімді, сыпайы, білімді, мәдениетті, өнегелі етіп тәрбиелеу осы балабақшадан бастау алады. Өйткені, бала тәрбиесінде әрбір сәтті қалт жіберуге болмайды. Ал, осы орайда «Ертөстік» балабақшасы ұжымының ауызбіршілігі, ұйымдастыру қабілетінің шеберлігі байқалады.

Балаға бір күн ғана түсіндіріп, ертеңіне нәтиже сұрау артық. Күн сайын үйретіп, айтып, көрсетіп отырғанда ғана дағды қалыптасады. Бұл балабақшада басшы да тәрбиешілер мен ұжым қызметкерлеріне ішкі ереже мен тәртіпті жиі айтып отырудан жалықпайды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
15 мамыр 2023 ж. 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 341

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930