» » Сан қыранды самғатқан алтын ұя

Сан қыранды самғатқан алтын ұя

qarmaqshy-tany.kz "ЖҮЗ ЖЫРАУДЫҢ ОТАНЫ" АТАНҒАН КИЕЛІ ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНЫҢ МЫҢДАҒАН БАЛАСЫНА ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРІП, ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМНАН ӨЗ ОРНЫН ТАБУЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН No8 "ҚЫЗҒАЛДАҚ" БАЛАБАҚШАСЫ 1962 ЖЫЛДАН БЕРІ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАТАҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ ЫҚШАМДАУ, ОҢТАЙЛАСТЫРУ СИЯҚТЫ КЕЗЕҢДЕРІН БАСТАН ӨТКІЗДІ. ОНЫҢ ІШІНДЕ No11 БАЛАБАҚША АТАУЫМЕН АУЫЛ БАЛАЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕГЕН АТАЛМЫШ МЕКЕМЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА БАЙЛАНЫСТЫ 1997 ЖЫЛЫ ТАРАТЫЛЫП, 2000 ЖЫЛЫ No29 МЕКТЕП ЖАНЫНАН МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ БОЛЫП ҚҰРЫЛСА, 2001 ЖЫЛДЫҢ 21 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ No71 ҚАУЛЫСЫМЕН No8 "ҚЫЗҒАЛДАҚ" БАЛАБАҚШАСЫ БОЛЫП ҚАЙТА АШЫЛДЫ.
Сонымен қатар мекемеде 2004 жылы екінші мектепалды даярлық тобы ашылып, балабақшаға жаңа оқу жылында 50 сәби қамтылса, 2008 жылы «Тұрмағамбет» ЖШС демеушілігімен қосымша ғимарат салынып балабақшада кіші топ іске қосылды, оған 20 бала қамтылды. Қазіргі таңда бөбекжай-бақшада ересек «Жас Ұлан» тобы, ортаңғы «Болашақ» тобы, кіші «Дарын» топтарында 70 бала тәрбиеленуде.
Бөбекжай-бақшада жоғары білімді – 9, арнаулы орта білімді – 1 педагог қызмет көрсетеді. Оның ішінде педагог-сарапшы, педагог-модераторлар жас ұрпаққа саналы да сапалы білім беруде.
Ауыл бүлдіршіндерінің 60 жыл аралығында саналы азамат болуына еңбек сіңіріп, ұстаздығы мен ұлағаты үйлескен балабақшаның алғашқы меңгерушісі Рабиға Тебенова, содан кейінгі жылдарда мекемені басқарған Несібелі Серкешбаева, Бекзада Тоғанасова, Айсұлу Жандосова, Жанаркүл Қаражанова мен бүгінгі меңгерушісі Айгүл Задаева бөбекжай-бақшада тәрбиеленушілер үшін сүйікті де қымбатты жан атанды, атанып та келеді.
Міне осындай тарихы тереңді бойлаған қара шаңырақтың 60 жылдық мерейтойын атап өтуде жуырда ауылдық клуб үйінде «Сан қыранды самғатқан алтын ұя» атты салтанатты мәдени шара өтті.
Бөбекжай-бақша тәрбиеленушілерінің «Бақытты балалар мекені» тақырыбындағы сахналық қойылымынан кейін сахна төріне көтерілген аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы ауыл тұрғындары мен бөбекжай қызметкерлерін мерейтоймен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ осы мекемені ұзақ жыл басқарған, елімізде мектепке дейінгі білім беру саласына елеулі үлес қосқан сала ардагері Жанаркүл Қаражановаға Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған «Ерен еңбегі үшін» медалін тапсырды.
Содан кейін сөз кезегін алған аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков мекеме қызметкерлеріне ыстық ықыласын жеткізіп, осындай тағылымды іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
Мерекелік іс-шарада балабақша тарихында әр жылдары басшылық еткен Рабиға Тебенова, Несібелі Серкешбаева, Бекзада Тоғанасова мен Айсұлу Жандосованың ұрпақтары – Осман Ниетбаев, Несібелі Үбжарова және басқалар тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор болып өткен игі шараны ұйымдастырушыларға алғаусыз алғыстарын айтып, мерекелік ықыластарын жеткізді.
Одан әрі ел жақсылары – Дариха Әмзебекова, Жанаркүл Қаражанова, аудандық мәслихат депутаты Зарипа Тасымова мен еңбек ардагері Шырынкүл Алдамжарқызы жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік іс-шара әрі қарай ауыл өнерпаздары Әлішер Мырзалиевтің, жыршы Дінислам Тоқсанбаев жетекшілік ететін «Жиенбай жырау» өнер үйірмесінің жас жыршыларының жырларымен, Талғат Бәйменовтың және бөбекжай-бақша бүлдіршіндерінің ән-би, жырларымен, сондай-ақ ақын-ұстаз Зарипа Тасымованың тойға шашу өлеңімен өрнектелді.
Іс-шара барысында оны тамашалауға келген ауыл тұрғындары мен қонақтар бөбекжай-бақша тәрбиеші қолөнер шеберлерінің ұлттық қолөнер және ауылдық кітапханасының кітап көрмесімен танысты.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
01 қараша 2022 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 343

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930