» » Биогумус бөлек бизнес

Биогумус бөлек бизнес

qarmaqshy-tany.kz Қазір жерден жақсы өнім алғыңыз келсе минералды тыңайтқыштардың түрі көп. Алайда, химиялық қоспаға бай минералдар жылдан-жылға жердің құрамын төмендетіп, құнарын жоюда. осылайша жерден күткен өнімнің сапасы сіз ойлағандай болмауы осыдан. Жердің жағдайын ойлағандар мұның да жауабын тапты. Төребай би ауылының тұрғыны әбілда қаниұлы топырақтың тыңаюына серпін беретін арнайы әдісті пайдаланып, биогумусты басты құралға алған. Минералды тыңайтқыштың орнын басқан тәсілдің арқасында өнімі де көбейіпті. Мұнан бөлек, жасалу жолы қарапайым өндірісті кәсіп көзіне айналдырып, табыс табуда.
Кәсіпкердің биогумуспен айналысқанына сегіз жылдан асыпты. Алматыдан арнайы оқуын оқып келген. Қазір ауылда шаруасын кеңейтіп, кәсібін дөңгелетіп отыр.

– Біз ауылда кішкентайымыздан жер жыртып, бақша егіп өстік. Сондықтан мұндағы жердің жайы бес саусақтай таныс. Биогумуспен айналысуыма да қиындық тумады. Бұл іске келуіме Алматыдағы ағам себеп болды. Ол ауылда малдың тезегі мен көңінен табиғи таза тыңайтқыш шығаруға болатынын айтты. Сөйтіп, биогумусты дайындаудың әдісін үйреніп, оқуыма кеңес берді. Бұл ойы маған ұнады. Жалпы өзім кез келген істе «жоқ, қолымнан келмейді» деп айтпаймын. Керісінше, алға ұмтылуға тырысамын. Алматыға барып оқуын оқып, сертификатын алдым. Сол жақтан құрттарды сатып алып, ауылға әкеліп істі бастадым. Міне, 2015 жылдан бері бақшаға бірде-бір минералды тыңайтқыш қолданған емеспін. Осы биогумустың арқасында еккен егінім жылда жақсы өнім беруде, – дейді кәсіпкер.

Қазір көпшілік жерде мамандар биогумустың артықшылығын бірауыздан қолдауда. Әсіресе, диқандар арасында сұраныс жоғары. Себебі бұл өнім біріншіден, ауылдағы көңді шығару мәселесін шешсе, екіншіден, одан таза, органикалық тыңайтқыштар алынады. Со¬нымен қатар, өнімділікті арттырып қана қоймай, жеміс-жидек, көкөністердің сапасына, дәміне оң әсерін береді.

– Мендегі құрттар «Старатель» деп аталады. Арнайы зертханада дайындалған. Олар тек көңді жейді, қажет тамағы да сол. 80 пайыз ылғалда өседі. Көң арасында газ жиналмас үшін 1015 күнде аударып қоямыз. Ондай алып бара жатқан жұмысы да жоқ. 6 айда тыңайтқыш дайын болады. Құртты көшіріп, гомусын аламыз. Содан кейін бақшаға, жеміс-жидек, гүлге пайдалана беруге болады. Қыста қатты суықта үсіріп аламын деп қорқудың қажеті жоқ. Өзі гибридті тіршілік болғандықтан өлмейді, жиналып ұйықтап қалады да жазда қайта тіріліп қызметіне кіріседі. Құрттың міндеті – көңді жеп, қара топыраққа айналдырып, құнарландырады. Құрамында кальций, азот, фосфор бар. Кез келген көкті шығаруға қауқары жеткілікті, тек қолдана білу керек. Биогумустың күші бес жылға дейін сақталады. Мен ауданға келгенде байқайтыным көктемде еккен талдар көктемей өліп қалып жатыр. Неге? Себебі жеріміз сор. Осындайда биогумусты пайдаланса жер құнарланып, талдар өсер еді. Қазір ауыл жұрты осы тыңайтқышты қолданады, көптен бері шықпаған ағаштарымыз көктеп тұр. Әзірге Төретамнан, аудан көлемінен сұраныс жиі түсіп жатыр. Жақын арада Алматы қаласынан сатуға рұқсат берілетін сертификат келсе, дүкендерге шығарамыз, – дейді кәсіп иесі.

Әбілда ағамыздың көмекшілері – үйіндегі келіншегі мен балалары. Кәсіптің бүге-шігесіне дейін бәрін үйретіп қойған. Өзі жоқта бар істі атқара береді. Менің қолқанатым отбасым дейді сөз арасында. Мұнан бөлек, ол кәсібінен түскен қаржыны өз пайдасына асырмай қайырымды іске жұмсап отырады. Соның ішінде ауылдағы футбол спортына қатысып жүрген жас жеткіншектердің киімі мен добына демеушілік жасап, қолдау көрсетуде.
Ерсін СӘДУҰЛЫ

13 мамыр 2023 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 307

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930