» » Ерлікке бас иген күн

Ерлікке бас иген күн

qarmaqshy-tany.kz 1945 жылдың 9 мамырында кеңестер одағының неміс фашизміне қарсы соғысы жеңіспен аяқталды. Биыл осы айтулы датаға 78 жыл болды. Бірақ, сол сұм соғысқа қатысқан майдангерлер қатары азайды. Оның ішінде, ауданымыздан аттанған 5 мыңдай жерлесіміздің жартысы сұрапыл майданда ерен ерлігімен қаза тапты. Хабарсыз кеткені қаншама. Аман-есен елге оралғандары ел әлеуетінің дамуына еңбек сіңірді. Алайда, бүгінде олардың бірде-бірі арамызда жоқ.
Десе де, майдангерлеріміздің ұрыс даласында көрсеткен жауынгерлік жорықтарын, ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттауда көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, жеңісті жақындатуға атсалысқан, еңбек майданында тынбай еңбек еткен тыл ардагерлерінің бүгінгі күні алды 100-ге келсе, арты 80нен асты.

Төрт жылдан астам уақытқа созылған соғыстағы қанқұйлы ұрыста қол жеткізілген Ұлы Жеңіс күні мерекесі жыл сайын көзсіз ерлік жасап, фашизм отын сөндірген батыр жерлестеріміздің есімін ұлықтауда еліміздің әр аймағындағыдай ауданымызда да жоғары дәрежеде аталып өтті.

Мерекелік іс-шара аудан орталығындағы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніндегі «Белгісіз жауынгер» ескерткішіне гүл шоғын қойып, майданда қаза болған батыр аталар рухына тағзым етумен басталды.

Іс-шарада оған қатысушылар Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының тақырып бойынша композициялық қойылымын тамашалап, «Ораз ахун» мешітінің имамы Айбол Қалидың әруақтарға бағыштаған Құранына қол жайып, дұға етті.
Әрі қарай аудан әкімі Жандос Еркінбек құттықтау сөз сөйлеп, елдің еркіндігі мен егемендігін қорғаған батырлардың өшпес ерлігін айта келе қармақшылықтарды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтаса, содан кейін сөз алған Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков жұртшылықты құттықтап, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.

Содан соң, аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мереке аясында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы 1941-1945 жылдар аралығында неміс басқыншыларына қарсы соғыста Жеңісті жақындатуға атсалысқан бірнеше тыл ардагерінің отбасында болып, оларды аудан экономикасын дамытуға, тұрғындардың әлеуетін арттыруға байланысты атқарылып жатқан іргелі істермен таныстырып, сый-құрмет көрсетті.

Ұлы Жеңіс күні мерекесін ауданымыздың барлық ауыл тұрғындары жоғары деңгейде атап өтті. Кент, ауылдық округ әкімдері, шаруашылық басшылары елді мекендердегі тыл ардагерлерінің отбастарында болып, оларға құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
11 мамыр 2023 ж. 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 790

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031