» » Қармақшы ауданы әкімі тыл ардагерлерін құттықтады

Қармақшы ауданы әкімі тыл ардагерлерін құттықтады

qarmaqshy-tany.kz Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар тыл ардагерлерлерінің отбасында болып айтулы мерекелерімен құттықтады.

Тыл ардагерлерінің отбасында аудан әкімі «Жеңіс символы» лентасын ардагер омырауына тағып, құттықтау хат беріп, сый-сияпат табыстады.

Ақболтаев Жақайым 1936 жылы дүниеге келген. Тыл ардагері.
Соғыс уақытында тылда еңбек етіп, майдандағы жеңіске өзінің қажымас қайсарлығы мен еселі күш жұмсап, бейбіт күн үшін тер төккен ардақты ардагер.

1987 жылы Қармақшы ауданы, Төретам кентіне «Горкомхоз» мекемесінде қарапайым жұмысшы болып, 1991 жылы зейнетке шыққан.
Жары Ақболтаева Күлжамалмен 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген. Қазіргі уақытта, осы балаларынан 20 немере 10 шөбере сүйіп отырған ардақты әке.

Көбеев Молдабек 1938 жылы туылған. Тыл ардагері.
1955-1956 жылдары Төретам кентінде жаңадан ашылған әскери гарнизондағы нан зауытына бухгалтер болып жұмысқа орналасқан. Осы жерде 1957 жылдан 1964 жылға дейін 8 жыл еңбек еткен. Осы аралықтарда Қазалы Ауылшаруашылық техникумының бухгалтерлік бөлімін бітірген.

1964 жылы Қазақстанда қой санын 50 миллионға жеткізу керек деген үкімет Қаулысымен Қызылорда обылысында бірнеше жаңадан совхоз ашылып, оның ішінде Қармақшы ауданының Қызыл құм жерінде «Жаңа қала» атауымен қазіргі Т. Көмекбаев ауылы «Қаракөл» қой совхозы ашылған. Ата-қонысыма қызмет жасаймын деп Көбеев Молдабек Байқоңыр қаласынан көшіп Жанақала ауылына келіп бухгалтерлік жұмысқа қабылданған. Осы жерде Жаңақала ауылында 30 жыл жұмыс істеп, 1993 жылы зейнетке шыққан.
Сейдахметова Манат 1938 жылы туылған. Тыл ардагері.
Балалық шағы Ұлы Отан Соғысымен тұспа-тұс келген жас қыз буыны бекімей тылда егін ору, масақ теру жұмыстарына араласқан. Орта мектепті аяқтаған соң, шаруашылықта түрлі жұмыстар атқарған. 1970 жылдан Қуаңдария ауылдық ауруханасында кіші аяжан болып жемісті еңбек етіп, 1993 жылы зейнет демалысына шыққан.

Тыл және еңбек ардагері бүгінде балаларынан 11 немере,7 шөбере сүйіп отырған бақытты әже.
Сый-құрметке бөленген абыз қарияларымыз аудан әкіміне және бірге құттықтап келген азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, қызметтеріне абырой тілеп, ақ баталарын берді.

09 мамыр 2023 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930