Қармақшы ауданының әкімі Шамшатовтар отбасында болды
Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Ә.Бөрібайұлы жақында ғана Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев Машбекұлы марапаттаған "Мерейлі отбасы-2022" Ұлттық конкурсының "Үлгілі отбасы" номинациясының иегері атанған Шамшатовтар отбасында болып, Алла сыйға тартқан 3 ұл, 7 қыздан 19 немере, 23 шөбере сүйіп отырған тыл ардагері 87 жастағы Шамшатов Серікбай ата және Ибраева Базаш анаға құрмет көрсетіп,арнайы құттықтауы бар адресат табыстап, сый-сияпат жасап, ақ батасын алып қайтты.
Шамшатов Серікбай-тыл ардагері. 1936 жылы Қарақалпақ АССР Тақтакөпір ауданында дүниеге келген. Елге 1939 жылы ата-анасымен бірге оралады. Балалық шағы соғыс, одан кейінгі қиын кезеңде өткен. 9-10 жасар бала ауылдағы жұмыстарды атқарған, масақ теріп, отақ отаған, және Сталин каналы жығылып кетіп, оған шым арқалап тасыған. Бертін келе заводта жасалатын болт, гайкаларды қолдан жасап машина, тракторларды егіс алқаптарына дайындап жүргізген. 1956 жылдан 1987 жылға дейін бұрынғы Ленин және Жаңақала совхоздарында темір ұстасы болып, зейнеткерлікке шықты. 1964 жылы жаңадан құрылған Жаңақала совхозының қазығын қаққандардың бірі. 1990-1995 жылдары ауылдың әуез мектебінде жыраулар класында шәкірттер тәрбиеледі. Зейнетке шыққалы ораза-намазын қаза қылмайды, ауыл молдасы. Тұрғындардың рухани өмірін жандандыруға күш салуда. 1960 жылы Ибраева Базашпен отау құрып 10 бала тәрбиеледі. Балаларының барлығы жоғары оқу орындарын бітіріп түрлі салаларда жұмыс жасап жүр. Казіргі уақытта Серікбай ата жасы 86-ға келген аяулы қарт әке, ауыл ақсақалы. Т.Көмекбаев ауылында тұрады.