» » Жас ұрпаққа білім мен тәрбие қатар берілуі керек

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие қатар берілуі керек

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары Қазалы, Жалағаш аудандарында жалғасты.
Қазалы ауданындағы Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында ведомство басшысы мен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім саласы, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен және ата-аналармен кездесті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша «Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет» атты бірлескен кеңес отырысына қатысты. Жиында Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағамбет және аудан әкімі Мұхтар Оразбаев баяндама жасап, ұстаздар мен ата-аналар өз пікірлерін білдірді.

Аймақ басшысы тәрбие ісіндегі басты бағдар балалардың құқық бұзушылыққа бармауын қатаң қадағалау екенін, бұл орайда атқарылуы тиіс іс-шараларды атап өтті.

«Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, облыстық білім басқармасының және облыстық полиция департаментінің басшылығы оқу орындары басшыларымен бірлесе отырып, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, олардың өзара қарым-қатынасындағы келеңсіздікті болдырмауға бағытталған жедел жұмыстарды күшейтуі тиіс. Ол үшін оқушылардың бос уақыты дұрыс әрі пайдалы етіп ұйымдастырылуы керек. Жастар орталықтарымен бірлесіп, құқықбұзұшылыққа бейім оқушыларды қоғамдық шараларға, мектеп жанындағы спорт, музыка, өнер үйірмелеріне кеңінен тарту жемісін береді. Сот, прокуратура және полиция өкілдерін шақыртып, жауапкершілік, жасөспірімдер жасаған қылмыстар мен тәртіп бұзушылықтардың салдары туралы оқу сағаттарын ұйымдастырсын. Балалар құқықбұзушылыққа бармауы үшін белсенді азаматтар, ардагерлер, ата-аналар комитеті, білім саласына жанашыр депутаттар ортақ іске азаматтық тұрғыда үн қосуы тиіс», – деді облыс әкімі.

Байқоңыр қаласына аялдаған ҚР Оқу-ағарту министрі осындағы №277 мектеп-лицейінде ұстаздар қауымымен пікірлесті. Байқоңыр қаласына арнайы бағдарлама жасауды тапсырып, бітіруші түлектерге грант бөлу мәселесін шешу қажеттiгiн атап өтті.

Әрі қарай ведомство басшысы мен облыс әкімі Жалағаш ауданындағы Таң ауылына барды. Ауылдағы №118 мектеп ұжымымен кездесіп, жаңа автобус табыстады. Еске салсақ, Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен аймақтағы ауыл мектептері 30 жаңа автобуспен толығады. Бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көліктер 20 және 40 орынға шақталған. Мектеп автобустарының техникалық сипаттамалары барлық талаптарға сәйкес келеді. Қауіпсіздік белдіктері, апатты жағдай туындағандағы шығу жолы, жылдамдық шектегіштер мен сәйкестендіру белгілері бар, автобуста бала қалған жағдайда белгі беретін жүйемен жабдықталған.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
30 сәуір 2023 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 389

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 466

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930