» » Қызылордада Worldskills Kazakhstan чемпионаты басталды

Қызылордада Worldskills Kazakhstan чемпионаты басталды

Қызылордада жұмысшы мамандар арасындағы «Worldskills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Чемпионаттың ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің директоры Дәулетова мен облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов және «Talap» КЕ АҚ бас менеджері Гүлдана Әлсейтова қатысты.

Шарада басқарма басшысы облыстық чемпионаттың білікті кадр даярлау жолындағы маңыздылығын айтып, қатысушы студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар аталмыш чемпионаттың өткен жылғы жеңімпаздары Съездқызы Аружан мен Мәтен Нұрдәулет «Start» батырмасын басып, аймақтың бас ұстазымен бірге байқаудың кезекті кезеңін ресми түрде ашты.

Білікті кадрларды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер жасауға және кәсіби білім сапасы мен кәсіби шеберлік дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін облыстық бәсекеге өңіріміздегі барлық колледждерден 15 түрлі құзіреттілік бойынша 112 білім алушы қатысып, бақ сынайтын болады.

Айта кетейік, I орын алған өңірлік кезеңнің жеңімпаздары «WorldSkills Kazakhstan» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына жолдама алып, Нұр-Сұлтан қаласында бақ сынайтын болады.
©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
27 сәуір 2023 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 804
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930