» » «Worldskills» республикалық кәсіби шеберлік конкурсының колледжішілік кезеңі өткізілді

«Worldskills» республикалық кәсіби шеберлік конкурсының колледжішілік кезеңі өткізілді

qarmaqshy-tany.kz «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде Қызылорда облыстық білім басқармасының және Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс жоспары негізінде «Кірпіш қалау», «Сән технологиясы», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттіліктері бойынша «WORLDSKILLS» республикалық кәсіби шеберлік конкурсының колледжішілік кезеңі өткізілді. Аталған құзыреттіліктер бойынша болашақ мамандардың біліктіліктері мен шеберліктерін анықтау мақсатында әлеуметтік серіктес мекемелерден «Шапағат» ЖК шебері С.Даутова, СТО комплексінің басшысы К.Алмаханов, «Шаимбетов» ЖШС бағдарламашы маманы А.Шаимбетов, «Жасулан» жеке кәсіпкерлігінің директоры Ж.Кобеков сынды сарапшылар арнайы шақырылды. Чемпионаттың колледжішілік кезеңін колледжіміздің директоры А.Дауленбаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
WorldSkills College Ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу байқауының негізгі мақсаты:
-Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
-білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымдарын бітірген түлектер арасында ерекше дарынды және интеллектуальды қабілетті жоғары білім алушыларды және өз ісінің шеберін анықтау;
-оқыту мен қатар кәсіби шеберлігі бағытында практикалық жұмыстарының жүргізілуін жетілдіру;
-Білім алушының кәсіби біліктілігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыра білу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін, практикалық жұмыстарды жинақтау, іріктеу, қорытып және өз ісінің шеберін анықтап, байқаудың республикалық кезеңіне жіберу.
Конкурс нәтижесінде әр құзыреттілік бойынша өз мамандығының қас шеберлері анықталып, сертификат тапсырылып, «WORLDSKILLS» чемпионатының облыстық кезеңіне жолдама алды. Болашақ мамандардың өз құзыреттіліктерін жақсы меңгеріп, іс жүзінде шеберліктерін көрсете білуіне баули білген Ш.Ералиева, Ж.Жанузакова, Ш.Назарова, С.Дарменкулова, С.Есеналиев, А.Таласбай, Ж.Исаева, А.Акашова, А.Кыргызбаева, Е.Худайназаров сынды оқытушыларға алғыс айтамыз.

16 ақпан 2023 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930