» » Жаңашыл жас мамандар жарысы өткізілді

Жаңашыл жас мамандар жарысы өткізілді

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Үздік жас маман - 2023» тақырыбындағы жас мамандар сайысы өтті.

Жас мамандар арасында шығармашылық пен ізденісті арттыру, жас мамандардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу мақсатындағы аталмыш шара 4 кезең бойынша өткізілді.

Атап айтқанда, «Өзімнің өмір дерегім»,"Өнерлінің өрісі кең",«Білікті маман – ел тірегі», «Мамандығым - мақтанышым» тақырыптарында жас мамандар өздерінің білімдері мен өн бойындағы өнерлерін ортаға салып, жарысты тартысты өткізді.

Нәтижесінде өзінің білімі мен тапқырлығы арқылы көзге түскен «Ағылшын тілі» үйірмесінің жетекшісі Қанибаев Нұрсұлтан І орын иеленіп, «Үздік жас маман» атанса, ІІ орынды «Рrime time» үйірмесінің жетекшісі А.Тыныштыбаева, ІІІ орынды «Био әлем» үйірмесінің жетекшісі А.Әбдуалиева иеленді. «Орыс тілі» үйірмесінің жетекшісі З.Жетпісбаева «Жаңашыл маман» және «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі М.Әлжанов «Ізденімпаз маман» номинациясымен марапатталды. Сайыс соңында қазылар алқасы байқауға қатысушы жас мамандарға өздерінің ыстық ықыластары мен тілектерін айтып, аудандық оқушылар үйі мен аудандық кәсіподақ комитетінің дипломдары мен бағалы сыйлықтарын табыстады.
26 сәуір 2023 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930