«Үздік үйірме жетекшісі – 2022» байқауы өтті
Қармақшы ауданының оқушылар үйінің әдіскері Абдиреева Айгүл Амангелдіқызының ұйымдастыруымен қосымша білім беру педагогтарының әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында «Үздік үйірме жетекшсі - 2022» байқауы болып өтті. Аталған шараға 6 үйірме жетекшісі қатысып, бақтарын сынады. Шараға Оқушылар үйінің ардагер ұстазы Мырзабаев Төленді ағай , ардагер ұстаз Қаратаева Райкүл Қоңырбайқызы, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының аудандық филиалының төрайымы Раева Күлжаухар Төлегенқызы, Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Есханова Ләззат Серікбайқызы және «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторының орынбасары Дүзенова Гүлжанат Өмірқызы қазылық жасады.
Байқау барысында үйірме жетекшілері өз үйірмелерінің жұмыстарымен және электронды портфолиосымен таныстырды. «Шығармашылық кілті - ізденіс» кезеңі бойынша панорамалық сабақ көрсетсе, «Үйретері көп үйірме» кезеңі бойынша оқушыға пайдалы лайфхактарымен бөлісті. «Білікті ұстаз – білімді маман» кезеңі бойынша тест сұрақтарына жауап берді.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынды «Алтын қалам» үйірмесінің жетекшісі Жаудатова Перизат Садақбайқызы, «Робототехника » үйірмесінің жетекшісі Малаев Нурлыбек Серикбаевич иеленді.
Жүлделі ІІ орынды «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі Сматова Мархабат Қанибекқызы, «ART дизайн» үйірмесінің жетекшісі Каналбеков Қайсар Ғаниұлы иеленді.
Жүлделі І орынды «Жылдам оқу» үйірмесінің жетекшісі Байдабаева Гаухар Жақаншақызы иеленді.
«Руханият» үйірмесінің жетекшісі Кулбаракова Коркем Нурболовна Бас жүлдеге ие болып, «Үздік үйірме жетекшісі – 2022» атағын жеңіп алды.