» » «Үздік жас маман - 2023» жас мамандар сайысы

«Үздік жас маман - 2023» жас мамандар сайысы

qarmaqshy-tany.kz 21 сәуір күні Қармақшы ауданының оқушылар үйінде «Үздік жас маман - 2023» тақырыбындағы жас мамандар сайысы болып өтті. Мақсаты: Жас мамандар арасында шығармашылық пен ізденісті арттыру. Жас мамандардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу.

Аталмыш шараға ардагер ұстаз Қаратаева Райкүл Қоңырбайқызы, білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы, аудандық жас маман орталығының жетекшісі Молдабекова Гүлнұр, Қармақшы ауданының оқушылар үйінің директоры Абдибекова Индира Жанайдарқызы қазылық етті.

Сайысқа оқушылар үйінің 5 жас маманы қатысты. Олар «Ағылшын тілі» үйірмесінің жетекшісі Қанибаев Нұрсұлтан Талғатұлы, «Рrime time» үйірмесінің жетекшісі Тныштыбаева Аружан Қайнарқызы, «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі Әлжанов Мәлік Әбуұлы, «Орыс тілі» үйірмесінің жетекшісі Жетпісбаева Зере Мұратқызы, «Био әлем» үйірмесінің жетекшісі Әбдуалиева Аружан Сейілханқызы.

Жас мамандар бірінші кезеңде «Өзімнің өмір дерегім» кезеңі бойынша өздерін таныстырса,«Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін көрсетті. Сайыскерлер өз қалауына қарай ән айтып, би билеп, арнау оқып және ерекше жанрлар арқылы өз өнерін ортаға салып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Үшінші кезең бойынша сайысқа қатысушылар білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін танытты. Олар алдымен жедел сұрақтарға жауап берсе, келесі ситуациялық тапсырмаларға жауап берді. «Мамандығым - мақтанышым» кезеңінде сайыскерлер өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін дәйекті негіздермен дәлелдей отырып «Менің педагогикалық қызметім» тақырыбында презентация қорғады.

Нәтижесінде өзінің білімі мен тапқырлығы арқылы көзге түскен «Ағылшын тілі» үйірмесінің жетекшісі Қанибаев Нұрсұлтан Талғатұлы жүлделі Іорын иеленіп «Үздік жас маман 2023» атанса, жүлделі ІІ орынды «Рrime time» үйірмесінің жетекшісі Тныштыбаева Аружан Қайнарқызы, жүлделі ІІІ орынды «Био әлем» үйірмесінің жетекшісі Әбдуалиева Аружан Сейілханқызы иеленді. «Орыс тілі» үйірмесінің жетекшісі Жетпісбаева Зере Мұратқызы «Жаңашыл маман» және «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі Әлжанов Мәлік Әбуұлы «Ізденімпаз маман» номинациясымен марапатталды. Сайыс соңында қазылар алқасы байқауға қатысушы жас мамандарға өздерінің ыстық ықыластарымен тілектерін айтып, аудандық оқушылар үйі мен аудандық кәсіподақ комитетінің дипломдары мен бағалы сыйлықтарын табыстады.
25 сәуір 2023 ж. 854 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031