» » Қармақшы ауданында ардагерлер пулінің жұмысы жалғасуда

Қармақшы ауданында ардагерлер пулінің жұмысы жалғасуда

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты №183 орта мектебінде және А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде кәмелетке толмағандар арасында суицид, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу және ұлттық тәрбие бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық пул құрамына енген ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Ұлт бірлігі Қармақшы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Құндақбаев, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Раева, мектептің ардагер ұстазы П.Сайдалиева, ата-аналар комитетінің төрағасы Ғ.Ержанов, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, қамқоршылық кеңестің мүшелері мен мектептер бойынша 8-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері қатысты. Кездесу барысында жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік, жан-жақты азамат ретінде қалыптастыруда ойлар айтылып, пікір алмасты. Ардагер ұстаз П.Сайдалиевадан телефонсыз бір күнді қалай өткізсе болады деген ұсыныс түсті. Кездесу соңында 10 сынып оқушысы Әбдіқадыров Данил өз ойын айтып, ұйымдастырылған кездесудің құнды, тәрбиелік мәні зор болғанын, қазіргі таңда оқушыларға қажет екенін айтты.


07 сәуір 2023 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930