Білім беру ұйымдарында бірлескен кеңес өткізілді
qarmaqshy-tany.kz Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның хаттамасына сәйкес N185 және N186 орта мектептерде " Отбасы тәрбие іргетасы" және "Тәрбие отбасынан басталады" тақырыбында ата - аналармен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Касимова, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Г.Исмаилова және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның хатшысы Ә.Бердібекқызы қатысып бейнекөрсетілімдер көрсетіліп, жан - жақты талдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге N185 орта мектебінің ата-аналар комитеті төрайымының орынбасары Г.Қыпшақбаева, N186 орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрайымы Р.Мұстафаева, Т.Көмекбаев ауылдық округ әкімі апаратының өкілі А.Абдиев және ауылдық учаскелік полиция инспекторы А.Шайкимбаев, Қуаңдария ауылдық округ әкімі ақпаратының өкілі С.Баймаханова қатысып сөз сөйледі. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, зорлық- зомбылық, суицид, ерте жүктілік, буллинг және кибербуллинг алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тақырыптар қамтылды.Осы орайда отбасы құндылықтарының мәселесі қозғалып, ата - аналар тарапынан пікірлер айтылды.