» » Жаңа бастамаларыңызға береке берсін, дүроңғарлықтар!

Жаңа бастамаларыңызға береке берсін, дүроңғарлықтар!


qarmaqshy-tany.kz "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген. Бірліктің бәсі қашан да жоғары. Оған міне, тағы да куә болып отырмыз. Ауылдың әкімі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, шаруашылық басшысы, ауыл имамы бастаған ардақты ардагерлер, ауыл азаматтары мен алтын құрсақ аналар ұйымшылдықпен ауыл маңындағы 5 гектар жерге мыңдаған алма көшетін егуде.
Алма баққа алманың 2 түрлі сұрыпы отырғызылуда. Келешек бақтың жайқалып өсуіне өзге өңірден арнайы маман да тартылған екен.
Бақ тамшылатып суарылады . Қасында үлкен көлемде су жинағыш резервуар орнатқан.
Адамдардың көңілі жарқын, жүздері жайдары. "Істің жақсы басталғанына сүйсін" дегендей, ауылдың ақжарма пейілді адамдарының алма баққа деген ықыластары ерекше. Бұйырса, бірер жылда бала-шағаның сырттан айлар бойы тасымалданатын емес, жергілікті өнімге де ерін тиіп қаларына сенім мол!


04 сәуір 2023 ж. 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 250
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 795

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930