Қармақшы ауданында учаскелік инспекторлары халық алдында есеп берді
qarmaqshy-tany.kz Алдында ала белгіленген кестеге сай, аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторларының ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында атқарған жұмыстары бойынша халық алдында есеп беру кездесулері ұйымдастырылуда.
Апта басында Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Тұрмағанбет ауылдық округтерінде басталған кездесуге жиналған тұрғындар алдында сөз сөйлеген Жергілікті полиция қызметі бастығы полиция майоры Е.Палжанов қоғам қауіпсіздігі қашанда бірінші орында тұратынын, сондықтан тәртіп сақшыларына үлкен жауапкершілік артылантындығын айтты.
Мұнан кейін учаскелік полиция қызметкерлері тұрғындар алдында атқарылған жұмыстары туралы баяндамаларын жасады. Сонымен қатар, баяндамада анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың статистикасы, мас күйінде қылмыстың алдын алу бойынша қабылданған алдын алу шаралары және «мүлдем төзбеушілік» қағидаты қалай жұмыс істейтіні айтылды. Бұл полиция жұмысының сервистік моделіне көшу және халықпен тиімді серіктестік орнату, «полицияның қадамдық қолжетімділік» және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру, құқық бұзушылықтардың, әсіресе, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кездесу соңында қатысушылар көкейінде жұрген сұрақтарға өз деңгейінде жауаптарын алды.
Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-мі