» » Алғашқы сессияда жаңа құрам сайланды

Алғашқы сессияда жаңа құрам сайланды

qarmaqshy-tany.kz Бейсенбіде аудандық мәслихаттың VІІІ шақырылымының алғашқы сессиясы өтіп, депутаттар мандат алып, қызметке кірісті. Сессияға аудан әкімі Жандос Еркінбек, дербес бөлім басшылары, кент және ауыл округі әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихатының төрағасын сайлау, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың тізбесі мен сандық құрамын белгілеу, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын және төрағаларын сайлау туралы мәселелер қаралды.
Жиында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Наятұлы кезектен тыс сайлау қорытындысын жариялап, нәтижесі бойынша партия атынан және мажоритарлық жүйемен сайланған депутаттарға куәлік пен төсбелгі табыс етті.
Мұнан соң күн тәртібіндегі мәселеге ойысып, бірінші мәселе VІІІ шақырылған аудандық мәслихатының төрағасын сайлауды депутаттар арасында ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы жүргізді. Депутаттар ашық дауыс беруді қолдап, бірауыздан мәслихат төрағасы етіп Әділ Қошалақовты сайлады.
Мәслихат төрағасы одан әрі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын және төрағаларын бекітуді дауысқа салды. Нәтижесінде «Экономика, қаржы, бюджет, жергілікті басқару және дағдарысқа қарсы іс-қимыл» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына Еркін Рзалиев, «Аймақтық даму, өндіріс және ауыл шаруашылығы салалары, сауда бизнес кәсіпкерлікті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына Мырзаш Бекбаев және «Әлеуметтік, жастар саясаты, құқық қорғау, спорт, туризм және мәдени» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасына Дильфура Байрақтарова ұсынылып, бекітілді.
Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Кешегі өткен саяси науқанда аудан тұрғындары сіздерге сенім артып өз таңдауларын жасады. Міне, VІІІ шақырылымының алғашқы сессиясы аясында жаңадан сайланған депутаттарды жеңісімен құттықтаймын. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында өздеріңізбен ортақ бірлесіп атқаратын міндеттер бар. Соңғы екі жыл ішінде ауданда қол жеткізілген барлық ірі жобалар VІІ шақырылған депутаттармен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Ендігі кезекте бүгінгі сайланған депутаттардың бірінші мақсаты осы жетістіктермен тоқтамай, ел игілігі үшін қызмет ету міндеті деп білемін. Аудан экономикасының даму жолында атқарар жұмыстарыңыз жемісті болсын, – деді аудан басшысы.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
01 сәуір 2023 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930