» » «Жолда жүру ережесі»

«Жолда жүру ережесі»


qarmaqshy-tany.kz Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Сондықтанда білім беру ұйымдарында жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Осыған орай, 2023 жылдың наурыз айының 27-сі мен сәуір айының 10-ы күндері аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты акциясы өткізілуде. Іс-шара аясында барлық мектептегі білім алушыларына «Жолда жүру ережесі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзса, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер жол-көлік оқиғасына ұшырап, арты қайғылы жағдайларға әкелуде.
Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету – ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепте мұғалім, мектеп инспекторы бар балаларға жол ережелерін үнемі айтып үйретіп отырсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.
Осы орайда бөлімнің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары Жосалы кенті орталығында ауларалық аралау жұмыстарын жүргізіп, балаларға жол ережелеріне қатысты жадынама тарату жұмыстарын жүргізді.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

30 наурыз 2023 ж. 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930