» » ІІІ Интернационалдықтар наурыз мерекесін атап өтті

ІІІ Интернационалдықтар наурыз мерекесін атап өтті

qarmaqshy-tany.kz Сан ұлтты саясына сыйдырған құтты мекен Интернационал ауылы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлады. Мерекелік шараға жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарын ауыл әкімі Нурлыбек Сайымов, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Даурен Ержанов, "Достық Жер МК" ЖШС-і директоры Б.Набиев құттықтады.
Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың жайдарлы, жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Дастарханға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бұл шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Күн мен түн теңелген, іргемізді ізгілікке бөлеген Наурыз бүкіл адамзатқа шаттық сыйлайды. Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Сондықтан біз басты байлығымыз – берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Отанға деген шынайы сүйіспеншілік мемлекеттік сананы орнықтырады. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты ауыл халқы үшін мерейлі мерекеге айналды. Ұлыстың ұлы күні елдің ырысы мен ынтымағын нығайтып, әр отбасының береке-бірлігін арттырсын. Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын, – деп тіледі ауыл әкімі.

Наурыз – жаңару айы. Адамдардың көңілі көрісіп, төс қағыстыру арқылы арқа-жарқа болып жаңарса, Жер-Ананың құшағына тал отырғызылып табиғаттың өзі де осы айда жаңара түседі. Осы дәстүрді жаңғыртқан интернационалдықтар мерекені тал егуден бастады. Ақсақалдардың ақ батасымен жеміс көшеттері отырғызылды.
Ауылдық мәдениет үйінде мекеме ұжымдарының қатысуымен "Наурыз дәмі" аясында түрлі ұлт өкілдерінің тағамдар қатары жұртшылыққа ұсынылса, «Қош келдің - Әз Наурыз» атты театрландырылған қойылым қойылып, салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері арқылы ел тәуелсіздігі мен ұлт мұраты сынды ұлы құндылықтар дәріптелді. Сондай ақ, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаз ұжымдар мен жүлдегерлер "Достық Жер МК" ЖШС мен "Болашақ" ШҚ демеушілігімен қаржылай марапатталды.

23 наурыз 2023 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930