» » Байқоңыр, Төретам, Ақай зейнеткерлеріне МӘМС арқылы жеңілдетілген көмек берілуі мүмкін

Байқоңыр, Төретам, Ақай зейнеткерлеріне МӘМС арқылы жеңілдетілген көмек берілуі мүмкін

Қызылорда облысының Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай кенттеріндегі зейнетақыны Ресей Федерациясынан алатын қазақстандықтарға МӘМС аясында жеңілдетілген көмек берілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында мәлім етті.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын, оның ішінде Ресей Федерациясының зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына жеңілдікті медициналық көмек көрсету үшін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына тиісті түзетулерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жетілдіру заңға тәуелді құқықтық актілер шеңберінде қарастырылады. Жалпы, аталған бағыттағы жұмыс жалғасады және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болады», - деп жазылған жауапта.
Еске салсақ, сенатор Ақмарал Әлназарова Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депуттатық сауалында Байқоңыр қаласындағы мыңдаған қазақстандықтың сапалы медициналық қызмет ала алмай жүргені туралы айтқан еді.
20 наурыз 2023 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031