» » Бүгін - халықаралық әйел судьялар күні

Бүгін - халықаралық әйел судьялар күні


Бүгінде Қызылорда қалалық сотта 11 нәзік жанды судья қызмет етеді. Олардың атқаратын міндеттері аса жауапкершілікті қажет етеді. Өйткені, Заңға қатысты қаралған іс әрбір азаматтың тағдырын шешеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында 10 наурыз – Халықаралық әйел судьялар күніне орай заң саласының арулары БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді.
- Қай заманда да отбасы құндылығы бірінші кезекте маңызды саналады. Себебі әрбір жанұя еліміздің іргетасы іспетті. Бүгінде Қызылорда қалалық сотында еңбек ететін заң саласының қызметкерлері ҚР Конституциясы мен Азаматтық кодекстің негізінде істерді жүзеге асырады. Өздеріңіз білетіндей, бұл салада қызмет ету әсіресе нәзік жанды жандар үшін оңай емес. Өйткені қызмет бабында түрлі жағдайларға кездесіп жатады. Одан бөлек, отбасы мен осы саланы қатар алып жүруде үлкен жауапкершілік. Заң саласының қызметкері болу үшін ең алдымен психологиялық тұрғыда мықтылық керек, одан кейін заң тұрғысында сауатты болу маңызды. Әрине әйел жаратылысы болғаннан кейін бірінші кезекте баланың мүддесі үшін уайымдаймыз. Ата-аналары екі жаққа бөлек кетпеуі үшін өзіміздің кеңесімізді айтып, ойлануға уақыт береміз. Соның арқасында өз арызын кері қайтарып алатын отбасылар бар, - деді қалалық сот судьясы Әйгерім Қаршыға.
-Бүгінгі 10 наурыз – Халықаралық сот судьясы күнімен барша заң саласының аруларын құттықтаймын! Осы салада абыройлы қызмет етіп жүрген барша нәзік жандылардың еңбегі ерен. Жалпы құқықтану факультетінде оқып жүрген кез келген қыз балалардың судья болу арманы. Сол ізбасар қыздарға айтарым, заң қызметкері атану үшін әділетті, мамандыққа адалдық, ішкі сезіміне беріктік, білімді болуы керек. Біздің атқаратын қызметіміз адам тағдырына байланысты болғандықтан жауапкершілік жүгі жеңіл емес, - деді қалалық сот судьясы Маржан Ақынбек.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

10 наурыз 2023 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728