» » Іргелі істің басында — аяулы арулар

Іргелі істің басында — аяулы арулар

qarmaqshy-tany.kz «ӘЙЕЛ – БІР ҚОЛЫМЕН БЕСІКТІ ТЕРБЕТСЕ, ЕКІНШІ ҚОЛЫМЕН ӘЛЕМДІ ТЕРБЕТЕДІ» ДЕГЕН ЖАҚСЫ СӨЗ БАР. АСТАРЫ АЙТЫП ТҰРҒАНДАЙ НӘЗІКЖАНДЫЛАР КЕЗ КЕЛГЕН АУҚЫМДЫ ІСТЕ БЕЛСЕНЕ АРАЛАСЫП, ҮЛКЕН НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ. ОЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМДА, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТА, СПОРТТА, САЯСАТТА ЖАЛПЫ АЙТҚАНДА ҚОҒАМДА ӨЗІНДІК ОРЫНДАРЫ БАР. ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН, КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫ, КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ БАСЫМДЫҒЫ ЕКЕНДІГІН АТАП КӨРСЕТКЕН БОЛАТЫН.

Көктем мезгілімен қатар келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай елге қалтқысыз қызмет етіп жүрген нәзік жандылардың еңбегін жариялауды жөн көрдік. Олар – аудандағы жұмыспен қамту орталығының қыз-келіншектері. Жал­пы әйел – сұлулықтың символы, отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамды ізгілікке үндейтін тағылымды тірліктердің жаршысы, әлеуметтің әлеуетін арттыратын ілкімді істердің бастамашысы. Расында қай салада болмасын әйелдердің ер азаматтармен үзеңгілес болып қызмет атқарып жүргенін көз көріп, құлақ естіп жүр.
Аудандағы Орынбек Мұнарбаев ағамыз басшылық ететін жұмыспен қамту орталығында он үш нәзік жанды халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді. Олар әлеуметтік осал топтарға көмек беру, тұрмысы төмен отбасыға жәрдемақы тағайындау, жастарды жұмысқа орналастыру, грант беру, жұмыссыз жандарды қоғамдық жұмысқа тарту секілді істерді атқарады. Мәселен, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның жүзеге асуына зор үлес қосып, жылдағы межесін жақсы көрсеткішке орындаған. Уақытпен санаспай жұмыс істеп, елге адал қызмет етуінің нәтижесінде елдің оң бағасын алуда.
– Жоғары жауапкершілікті қажет ететін біздің салада қызметкерлерге қойылар талап та жоғары. Осыған қарамастан ұжымда отбасындағы үй тірлігін дөңгелетіп, ата-ене, күйеудің бабын тауып, бала тәрбиелеумен қатар елге қызмет көрсетіп жүрген нәзік жандылар жетерлік. Оларға мереке қарсаңында сарқылмас шаттық, қызметте абырой тілейміз. Елдің бүгіні мен ертеңі үшін жасалып жатқан жұмыстары елене берсін дейміз. Халықтың алғысын арқалаған адамның жаман болмайтыны анық, – дейді мекеме директоры Орынбек Жұмағалиұлы.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
07 наурыз 2023 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 355

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930