» » Ана - тіршілік тірегі

Ана - тіршілік тірегі

Батыр аналарға арналған мерекелік кеш

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Ия, Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана- тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Бүгін ІІІ Интернационал ауылдық кітапхана жанынан ашылған КОВОРКИНГ орталығында ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ана-тіршілік тірегі» атты батыр аналармен мерекелік кеш болып өтті.
Кешті кітапханашы жүргізіп, ауылдық округі әкімі. Н.Сайымов Ізбасарұлы құттықтау сөзімен ашып берді.
Кеш барысында кітапхана оқырмандары 8,9 сынып оқушылары АНА тақырыбында өлеңдер оқыды.
Г.Абдирова мерекелік шашу ретінде ән шырқаса, Игембергенов Ринат «Анашым" әнін гитарада тамылжыта орындап берді.
И.Өмірзақова және Н.Өмірзақовалардың орындауында домбырада ән айтылып, күй тартылды. Кеш соңында барлық қатысушылар қосылып қазақтың "Вальс королі" атанған Ш.Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әнін шырқады.
Сонымен қатар батыр аналарға және жас оқырмандарымызға Б.Набиев басшылық жасайтын "Достық Жер МК"ЖШС-нің демеушілігімен сыйлықтар берілді.
Кеш соңында аналарға арналып мерекелік дастархан жайылды. Көтеріңкі көңіл-күймен өткен кешке риза болған аналар ақ баталарын беріп, алғыстарын айтты.

03 наурыз 2023 ж. 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031