» » Батыр аналармен басқосу

Батыр аналармен басқосу


«Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады» деп ақын жырлағандай, ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана деген сөзді қанша айтсақ та жалықпаймыз. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. 8 наурыз мерекесі қарсаңында ІІІ Интернацио­нал ауылдық кітапхана жанынан ашылған «Coworking» орталығында ауылдық кітапхана мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ана – тіршілік тірегі» атты батыр аналармен кездесу кеші өтті.
Кеш барысында ауыл көркем­өнер­паздары Г.Жетпісбаева, Л.Рузиева, Ә.Нұрман, И.Өмірзақовалар мерекелік шашу ретінде ән шырқаса, кітапханашы Р.Тұрманова «Анаға тілек» өлеңін оқып берді. Сонымен қатар аналарға өмірдегі қызықты сәттерінен түрлі сұрақтар қойылып, сұқбат жүргізіліп, сыйлықтар берілді. Кеш соңында Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін барлық келген аналар қосылып шырқады. Көтеріңкі көңіл-күймен өткен кешке риза болған аналар ұйымдастырушыларға ақ баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.

Рима ТҰРМАНОВА
10 наурыз 2022 ж. 1 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930