» » Тілім менің – тіршілігім, тынысым

Тілім менің – тіршілігім, тынысым

qarmaqshy-tany.kz Халықаралық Ана тілі күніне орай облыстық тілдерді оқыту орталығының аудандағы мемлекеттік тіл оқытушысы Гүлжанат Дүзенова мемлекеттік тіл курсын оқып жатқан тыңдаушылармен «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында әдеби сайыс сабақ ұйымдастырды. Қазіргі таңда топта әр саладан жиналған 12 тыңдаушы білімін жетілдіруде.
Іс-шара аудандық орталық кітапханада өтті. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева мен аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниева, аудандық музейдің ғылыми қызметкері Гүлмира Өтегенова қонақ ретінде шақырылды.
Тыңдаушылар екі топқа бөлініп, білімдерімен бақ сынасты. Әуелі топты таныстырып, өз өнерлерін көрсетті. Ана тілі туралы ойларын айтып, ақын өлеңдерін оқыды. Тіл біліміне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқытушы берген сөздерді біріктіру арқылы өлең құрастырды. Мақалдың жалғасын тапты. Сайыста екі топ та тең дәрежеде нәтиже көрсетті. Белсенді қатысқан тыңдаушылар облыстық тілдерді оқыту орталығы директорының алғыс хатымен марапатталды.
Сайыс сабақтың қонақтары оқытушының сабағын талдап, тіл мерейін тасытқан тамаша сабаққа куә болып тарқасты.
Дәл осы күні облыстық тілдерді оқыту орталығының аудандағы орыс тілі практикалық курсының оқытушысы Роза Сейілова да Жосалы вокзалы қызметкерлерімен «Храни родной язык, храни на день и на века!» тақырыбында ашық сабақ өтті. Онда теміржол саласының мамандары туған тілдің мәртебесі мен маңызы туралы көп мағлұмат алды. Сабақта түрлі ойын әдістері қолданылды.
«Қт» ақпарат
25 ақпан 2023 ж. 702 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930