» » "Тіл тағдыры - ел тағдыры"

"Тіл тағдыры - ел тағдыры"

qarmaqshy-tany.kz 21 ақпан - Халықаралық Ана тілі күніне орай мемлекеттік тілді деңгейлеп оқу курсына қатысушы тыңдаушылармен "Тіл тағдыры - ел тағдыры" атты тақырыпта әдеби сайыс сабағын ұйымдастырдым. Іс-шара аудандық орталық кітапханада өтті. Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы" аудандық филиалының төрайымы Гүлжауһар Раева мен аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниева, аудандық музейдің ғылыми қызметкері Гүлмира Өтегенова қонақ ретінде шақырылды.
Тыңдаушылар екі топқа бөлініп, білімдерімен бақ сынады. Әуелі топты таныстырып, өз өнерлерін көрсетті. Ана тілі туралы ойларын айтып, ақын өлеңдерін оқыды. Берілген сөздерді біріктіру арқылы өлең құрастырды. Мақалдың жалғасын тапты. Сайыста екі топ та тең дәрежеде нәтиже көрсетті. Белсенді қатысқан тыңдаушылар облыстық тілдерді оқыту орталығы директоры М.Дәулетбаеваның алғыс хатымен марапатталды.
22 ақпан 2023 ж. 733 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930