Құрылтай
» » Алдағы жұмыс жайы талқыланды

Алдағы жұмыс жайы талқыланды

qarmaqshy-tany.kz СӘРСЕНБІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚОҒАМЫ" АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ, АЛҚА МҮШЕЛЕРІ ӘБДІРАХМАН ҚҰЛДҮЙСЕНОВ, ШЕГЕБАЙ ҚҰНДАҚБАЕВ, НҰРЛАН БЕЙБІТОВ, ГҮЛЖАНАТ ДҮЗЕНОВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ.
Онда филиал төрайымы Күлжауһар Раева өткен жылға есеп беріп, "Жаңа Наурыз", "Абай мұрасы", "Жаңа туынды" жобалары бойынша филиал ұйымдастырған іс-шаралармен таныстырды.
Тіл тазалығын сақтауға, көрнекі ақпараттардың дұрыс жазылуын қадағалауға бағытталған рейдтердің де оң нәтиже бергенін көрсетті. Алдағы жұмыс жоспарымен хабардар етсе, қоғам белсенділерінің пікірін тыңдады. Облыстық тілдерді оқыту орталығының маманы, аудандағы мемлекеттік тіл оқытушысы Гүлжанат Өмірқызы тіл мәртебесін арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мерейін көтеру мақсатында бірлесіп бірнеше байқау өткізуге ұсыныс білдірді.
Алқа мүшелері филиал жұмысына жақсы баға беріп, сәттілік тіледі.
Гүлнар БИСЕНҚҰЛОВА,
Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы"
аудандық филиалының қызметкер
18 ақпан 2023 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 483
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 974

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031