» » Сәкен Иманасовтың туғанына - 85 жыл

Сәкен Иманасовтың туғанына - 85 жыл

qarmaqshy-tany.kz Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Иманасовтың туғанына - 85 жыл. С.Иманасов - 1938 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданындағы Талапкер аулында туған. Қазіргі Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін теміржол құрлысында қатардағы жұмысшы, ұжымшар қызметкері, аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып істеп, 1959 жылдан бастап бырыңғай журналистика қызыметіне қарай ойысады. Алдымен аудандық, кейін "Лениншіл жаста", облыстық партия комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарған. "Балдырған" журналында, "Қазақ мемлекеті" газетінде, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында істеген. "Жазушы" баспасында редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметтерін атқарған. Кейінгі жылдары Алматы облыстық әкімшілігінде жауапты қызметте болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
Алғашқы өлеңі 1956 жылы жарық көрді. Содан бергі кезеңде "Туған ауыл", "Ақ айдын", "Ақ дариға", "Жайдарман", "Ғашық дүние", "Алтын аймақ", "Ғашықпын саған" т.б. кітаптары, 1993 жылы шығармаларының екі томдығы жарық көрді. 1998 жылы бір томдық таңдамалысы, 2001 жылы "Қаламдастарым мен замандастарым" атты эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер кітабы шықты. 2003 жылы "Елорда" баспасынан соңғы оншақты жыл ішінде жазылған өлеңдері "Өнердің жүзі" деген атпен, естеліктері" Жазушы" баспасынан "Қалам мен заман" деген атпен жарық көрді.
Ауылдық кітапханада ақынға арнап "Сырға толы жүрек жырлары" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға ақынның өмірі, шығармалары насихатталды.
23 ақпан 2023 ж. 1 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930