» » "Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз!"

"Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз!"

qarmaqshy-tany.kz Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-анасы. Тәрбиенің қайнар көзі отбасынан басталады. Сондықтан баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата-анасының тәрбиесі негізгі рөл атқарады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алары анық.
Ал ата- анаға баладан қымбат ешкім жоқ. Баланың тәрбиелі немесе шектен тыс дөрекі болуы ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты. Міне, сондықтан да әрбір ата-ана баласының көсегесі көгерсін десе, өздері тек жақсы жағынан көрінуі тиіс. Осындайда, түбінде келелі ойы бар ерекше басқосудың куәгері болдық. Сол жиынның құрметті қонағы ретінде шақырылып, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Гүлжаухар Раева апайымыз,аналар комитетінің төрайымы Агилаш Канибетова апайымыз, жастар денсаулығы орталығы психологы, аудандық аналар комитетінің мүшесі Әмина Кетебаевалар төрден орын алды.
Ауданымыздағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде ана мен қыз баланың жанын жақындастырып, бір сәтке болса да бірігіп іс қылып, ақылдасып "тон пішудің" әсерін, анаға деген баланың жүректен шыққан перзенттік жылы сөзін арнауының қаншалықты әсерлі екенін сол жиындағы баршамыз сезіндік десек болар...
Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі.

19 ақпан 2023 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 554

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930