» » Қыз — нәзіктік белгісі

Қыз — нәзіктік белгісі

qarmaqshy-tany.kz ТАБИҒАТТА ЕҢ СҰЛУ ӨСІМДІК ГҮЛ БОЛЫП САНАЛСА, ӘЛЕМНІҢ СҰЛУЫ ҚЫЗ БАЛА. ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА НӘЗІКТІК, СҰЛУЛЫҚ, ҰЯҢДЫҚ, ИБАЛЫЛЫҚ, СЫПАЙЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК, ІСКЕРЛІК, ШЕБЕРЛІК, РУХАНИ БАЙЛЫҚ, НАМЫС, ЖІГЕР ТӘН ДЕСЕК, ОНЫҢ БӘРІНЕН ДЕ АР ТАЗАЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ ТҰРАДЫ. ОСЫНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІМЕН ЗОР ТАҒЫЛЫМ ИЕСІ АТАНЫП КЕЛЕДІ.
Қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын бағалай білген қоғамымыз оның осы асыл қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы да ерекше жеткізіп отырған. Қыз тәрбиесі қашан да ертеңгі ұлт тәрбиесі. Осы орайда Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде 7-8 сынып қыздарының қатысуымен «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбында «Ақжүніс» қыздар клубының ұйымдастыруымен отырыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – аналар мен қаракөз қыздардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік, ептілік сияқты жан-жақты ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру болып табылады.
Іс-шараға аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжаухар Төлегенқызы, мектеплицейдің ардагер ұстаздары Райкүл Қаратаева, Роза Қыпшақбаева, аудандық емхана және жастар денсаулығы орталығының психологі, аудандық аналар кеңесінің мүшесі Әмина Кетебаева қатысты.
Кеште мектепішілік парламенттің ақпарат фракциясының мүшелері кеш қонақтарымен сұқбат жүргізіп, алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар шақырылған қонақтар қыз бала тәрбиесі туралы ойларын ортаға салып, ақылкеңес берді.
Қыз – ұлтының мақтанышы. Әрбір оқушының өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алады. Мектепте оқып жүрген қыз бала, ол үйдегі ата-ананың көз қуанышы, ұстаздарының мақтанышы. Қыз бала тәрбиесіне қатысты өткізілетін іс-шаралар оқу жылы барысында өз жалғасын таба бермек.
Раушан ӨТЕПОВА,
мектеп ұстазы
18 ақпан 2023 ж. 814 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930