» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

qarmaqshy-tany.kz Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде "ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ" тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Басты мақсат - қыз баланың жеке басы мен ар тазалығын, нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты сақтауға кеңес беру, осы құнды қасиеттерді қазақ қызының бойына сіңіру.
Жиналыс барысында Байқоңыр қалалық көпбейінді емханасының акушер-гинекологі М.Кәрібаева "Қыз баланың жеке басы және ар тазалығы. Ерте жүктіліктің зияны. Жеке бас гигиенасы" тақырыбы аясында кең ауқымда түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мектептің педагог- психологі А.Мұнарбаева "Қыз қылығымен әдемі" айдарында сөз қозғап, тақырып мазмұнына сай ой қозғады.
Одан әрі мектебіміздегі "Инабат" қыздар орталығының жетекшісі П.Қарауымбетова мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Махамбетова мектептің қоғамдық орын екендігін айта келе, білім алушыға тиісті жүріс-тұрыс ережелеріне тоқталып, мектеп қабырғасында жүрген шақтағы басты мақсат- сапалы білім, саналы тәрбие алу керектігін ұғындырды. Жиналыс соңында қыз балалар сұрақтар қойып, оң жауаптарын алды.
28 қазан 2022 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930