Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз!
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасына орай №277 ЖББ мектепте «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанына байланысты іс-шаралар жоспарланып, бекітілді. Шараның басты мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару; ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зиян екендігін және әрбір бала - ешбір қиындықсыз, жарқын өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру; жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың ауыр жұмысқа тартылмауының алдын алу; сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады. «Бала еңбегін қанау» науқанының жоспарына сәйкес №277 мектеп-лицейінде 1-11-сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Басты мақсат: бала еңбегін қанауға, зорлық-зомбылыққа жол бермеу; әрбір баланың ешбір қиындықсыз, жарқын өмір сүруіне жағдай жасау. Осы орайда «Күншуақ» сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты жиында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты, мектепте мектеп директорының орынбасарлары Ж.Махамбетова мен Г.Абжалиева балаларды құттықтап, еліміздің балаларының бақытты өмір сүруге мүмкіндігі бар екендігін айта келе, соның бірі – жазғы демалыстарын осындай тынығу лагерінде өткізуге мүмкіндіктері бар екендігін айта отырып, жазғы лагерьдегі демалыстарының көңілді өтуіне тілек білдірді. Директордың тәрбие жұмысының орынбасарлары З.Шукирова, Ж.Махамбетова және әлеуметтік педагог М.Қайыржанованың ұйымдастыруымен бала еңбегін қанау жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. Онда заң бойынша 14-16 жас аралығындағы балалар аптасына 24 сағат, 16-18 жас аралығындағы балалар аптасына 36 сағат ауыр емес жұмыс істеуіне болатындығы көрсетілгендігі түсіндірілді. Мектеп педагог-психологі А.Мұнарбаева демалыс лагерінің тәрбиеленушілерімен «Менің есімім» арт-терапия, релаксациялық жұмыстар жүргізді. Психолог жұмыстары лагерь уақытында жүргізіліп отырылады. Сынып жетекшілері тарапынан қаладағы кафелер тексерілді. Мектеп кітапханашысы З.Жаримбетова ««Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны» атты көрме ұйымдастырып, ондағы әдебиеттермен, «Балалар құқығы туралы Конвенциямен» таныстырып, әңгіме жүргізді. Ел ертеңі – жас ұрпақ, бүгінгі оқушыларымыз болғандықтан, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз!